Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві барша архив саласының ардагерлері мен әріптестерін 9 маусым – Халықаралық архивтер күні мерекесімен құттықтайды.

Құрметті әріптестер!

Әр мемлекеттің архив саласына қатысты мерекесі түрлі даталарға белгіленгенімен, бұл күн әлемдегі тарих парақтарын көзінің қарашығындай сақтап отырған барлық архившілердің басын біріктіретін мереке.
Архивтер – әрбір адам өмірінде маңызды рөлге ие бола отырып, адамзаттың экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуының баға жетпес куәсі болып табылады және халықтың деректі жадының сақтаушысы ретінде елдің құжаттық мұрасының сақталуын қамтамасыз етеді.
Осы айтулы мерекеде Сіздерге мықты денсаулық, еңбекте толайым табыс, шығармашылық ізденіс пен жауапты қызметтеріңізге сәттілік, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз.
Архив ісін дамытуға, ұлттық тарихи қорды сақтау мен толықтыруға бағытталған қажырлы еңбектеріңіз елеулі болсын!



Құрметті сайт қолданушылары мен қонақтары!

Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Архив – халықтың тарихи мұрасы, нақты деректік құжаттарға негізделген мемлекеттің тарихы сақталатын киелі шаңырақ.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві бүгінгі таңда өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс және өнертабыс салалары бойынша отандық ғылым мен техниканың тарихына қатысты құжаттарды сақтайтын бірегей орталық деп сеніммен айтуға болады. Бұл жерде республикалық жетекші мекемелердің ғылыми-зерттеу құжаттамаларында экономиканың, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, медицинаның және білімнің әртүрлі салаларындағы ғылыми зерттеулер, азаматтық және өнеркәсіптік құрылысқа арналған металл конструкциялар мен инженерлік құрылымдарды жасау саласында, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, тұрмыстық қызмет көрсету, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ медицина салаларында авторлық куәліктер сынды зерттеушілердің қызығушылығын тудыратын құжаттар сақталуда. «Архив-2025» жобасын іске асыру аясында кешенді іс-шаралар жоспарының арқасында шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттардың ауқымды массиві айқындалып елге әкелінді
Соңғы жылдары архивті заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықтауға көп көңіл бөлінуде. Жаңа технологияларды енгізу арқылы құжаттық ақпаратқа қолжетімділікті кеңейтуге, архивтік құжаттарды пайдалануға мүмкіндік артты. Цифрландыру және жаһандану жағдайында архив мекемелерінің өзара іс-қимылы ғылым мен жалпы қоғамның дамуы үшін қажетті ғана емес, сонымен қатар стратегиялық маңызы зор деп санаймыз.
Барлық жұмыс орындары дербес компьютермен, сонымен қатар қажетті құжаттарды жылдам сканерлеу және басып шығару үшін заманауи көпфункционалды кеңсе құрылғыларымен жабдықталған. Бұл өз кезегінде пайдаланушыларға архив құжаттарының сандық нұсқасын онлайн түрде қолдану аясын кеңейтеді.
Архив туралы әлі де көп нәрсе айта аламыз. Оның беттерінде орналасқан ақпарат оның жарты ғасырға жуық құрылу тарихымен, бірегей құжаттарымен танысуға мүмкіндік береді. Архив сайтында өзіңізді қызықтырған сұрақтарыңызды қойып және ең соңғы архив жаңалықтарын біле аласыздар.
Біз әрқашан Сіздермен бірлесіп қызмет етуге қуаныштымыз және Сіздерден архив сайтының жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстарыңызды күтеміз.

Құрметпен, ОМҒТҚА директоры Баян Жұматаева

Фотогалереясы

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
08 маусым 2026 жыл
2026 жылғы 8 масымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде дирекциясы отырысы өтті.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылғы 5 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы, профессор, Инженерлік академияның толық мүшесі Қуанғали Қуатбаевтың жеке қоры құжаттарына негізінделіп «Қуанғали Қуатбаев: архив құжаттарындағы ғылыми мұра» атты дөңгелек үстел және құжаттық көрме ұйымдастырылды.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультеті 6В02202-Тарих және Тарих-дінтану-6В01602 білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 6В03204-Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша 1 курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz