Ұлттық инженерлік мектептің дамуы және Мұхамеджан Тынышбаев (1879-1938) тұлғасы: архив, тарих, жад

МҰХАМЕДЖАН ТЫНЫШБАЙҰЛЫ (1879-1938)

Мұхамеджан Тынышбайұлы (Тынышпаев) 1879 жылы 12 мамырда бұрынғы Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысындағы Жыланды тауының баурайында дүниеге келді.
1890 ж. 14 тамыз – 1900 ж. маусым. Верный Ерлер гимназиясының түлегі.
1900 - 1906 жж. Санкт-Петербургтағы император І Александр атындағы Жол қатынасы инженерлері корпусы институтының студенті.
1907 ж. сәуір. Жетісудің жергілікті халқы атынан ІІ Мемлекеттік Думаға сайланды.
1908 -1913 жж. Орталық Азия темір жолында қызметте болды.
1914 ж. Жетісу темір жолы құрылысына ауысты.
1917 ж. 6 сәуір. Уақытша Үкіметтің Түркістан Комитетінің құрамына мүше болды.
1917 ж. 28 қараша. Түркістан автономиясының төрағасы болып сайланды.
1917 ж. 5-13 желтоқсан. 2-Жалпықазақ съезінде құрылған Алашорда үкіметінің 25 мүшесі құрамына енгізілді.
1920-1921 жж. Түркістан темір жолы бөлімінде қызмет істеді.
1922 ж. Түркістан Республикасы Су шаруашылығын, 1924 ж. Ташкентте Жер суландыру Бөлімін басқарды.
1924 ж. Орта Азияны ұлттық межелеуге байланысты Түркістан Республикасы Орталық Атқару Комитетінің Жерге орналастыру комиссиясының құрамына көшпелі шаруашылық жөніндегі бас маман және Техникалық Кеңестің мүшесі болып тағайындалды.
1920-1925 жылдары Ташкент қаласындағы Қазақ Халық Ағарту институтында математика, физика, химия, түркі-монғол тарихынан дәріс беріп, ғылыми-зерттеу қоғамдары – «Талап» және Орыс Географиялық Қоғамы Түркістан Бөлімінің мүшесі болып, тарихи зерттеулерін жазды.
1925 ж. - астананы Қызылордаға көшіруге байланысты қала келбетін көркейту жұмыстарын басқарды.
1926 ж. Жетісу губерниялық атқару комитетінің Жол бөлімін басқарды.
1927-1930 жж. Түркістан-Сібір темір жолы құрылысында түрлі қызметтер атқарды, сонымен қоса 1925-1930 жылдары Қазақстанды Зерттеу қоғамының толық мүшесі болып, ғылыми жұмыстан қол үзбеді.
1930 ж. 3 тамыз. Кеңес үкіметі «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айыппен тұтқындалды.
1932 ж. 20 сәуір. 2370 іс бойынша РКФСР Қылмыс Кодексінің 58/7, 58/11 және 58/3 баптарының тармақтарымен айыпталып, бес жыл мерзімге (1930 жылдан бастап есептеліп) қамау туралы үкім шығып, кейін бұл жаза Ресейдің Қара топырақты аймағына (Воронеж қаласына) жер аударумен алмастырылды. Отбасымен (зайыбы Әмина Шейх-Али және ұлы Дәулет) Воронежде тұрды.
1935 ж. көктем-жаз. Жер аударылу мерзімі аяқталып, елге оралды.
1935-1937 жж. Гурьев-Қандыағаш темір жолы құрылысында істеді.
1937 ж. 21 қараша. Өзбек ССР-і Ішкі Істер Халық Комиссариаты Ташкенттегі қызы Фатанад-банудың үйінде тұтқынға алды.
1938 ж. 20 сәуір. - «атылды».
1958 ж. 28 ақпан. Қазақ ССР-і Жоғары Сотының Қылмысты Істер бойынша Сот Коллегиясы М.Тынышбаевтың «ісін» қарауды бастады.
1959 ж. 29 қыркүйек. Қазақ ССР-і Жоғары Соты М.Тынышбаевтың қылмысы жоқтығы туралы шешім қабылдады.

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
04 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылғы 4 қыркүйекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде Әзербайжанның мәдени мұрасына арналған «Халық өнеріндегі уақыт тынысы» көрмесінің ашылуына қатысты.


03 қыркүйек 2026 жыл
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырықбаев Арман Оразбайұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.


03 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылғы 3 қыркүйекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің бас сарапшысы Назым Биримкулова Республикасы Президентінің Архиві онлайн форматта ұйымдастырған «Құжаттық жарияланымдарды әзірлеудегі құжаттарды археографиялық рәсімдеудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы онлайн MeetUp кездесуге қатысты.


27 тамыз 2026 жыл
2026 жылғы 27 тамызда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай «Полигон – 29 тамыз» халықаралық қайырымдылық қоғамдық қорының негізін қалаушы, қоғам қайраткері Нұрлан Кешірімұлы Бозтаевпен кездесу форматында дөңгелек үстел өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz