Новости:
26 қараша 2025 жыл
2025 жылдың 26 қарашасында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік архив өткізген көрнекті ғалым, саяхатшы және этнограф Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай ұйымдастырған «Ш. Уәлиханов пен Г.Н. Потанин» көрмеге қатысты.
Көрменің мақсаты – Қазақстан поэтикасы мұраларын жинақтауға ерекше еңбек сіңірген Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасын, өмір ортасы, достары және қызметін архив құжаттары негізінде зерделеу және насихаттау, осы бағыттағы Орталық мемлекеттік архив қорларында сақталған зерттеулерге жол ашатын құжаттармен таныстыру болды.
Көрме ғалымдардың ұлт тарихына қосқан үлесін ашуға, көне эпостар, мифтік әңгімелер, Ш. Уәлихановтың этнографиялық еңбектерін терең қарастыруға және оның ғылыми мұрасын кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
06 қараша 2026 жыл
2026 жылғы 6 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Амантайқызы Жұматаева және директор орынбасары Толқын Сағантайқызы Жанайдарова Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Түркістан облысының мемлекеттік архиві Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі архив ісіне 100 жыл толуына орай өткізген «Ұлттық архив қоры: 100 жылдық белес»: тарих пен болашақ сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.


05 қараша 2026 жыл
2026 жылғы 5 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері поляктардың Қазақстан аумағына депортациясының 90 жылдығына арналған «Қазақстан поляктары. Қиын оқиға» көрмесіп тамашалап қайтты. Көрмені Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі Польша Республикасының Алматыдағы Бас Консулдығының қолдауымен ұйымдастырды.


04 қараша 2026 жыл
Бүгін «Ерекше қауіп-қатер сарбаздары және Чернобыль ардагерлері одағы» республикалық бірлестігі кеңесінің атынан Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева мен ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің басшысы Инабат Ерғалиева архив қоры құжаттарын сақтау барысындағы адал еңбегі және белсенді азаматтық ұстанымы үшін «ҚАЗАҚСТАН ПАТРИОТЫ» медалімен марапатталды.


28 қазан 2026 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының тікелей трансляциясын ұжымдық көру ұйымдастырылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz