Новости:
05 қантар 2026 жыл
Бүгін «Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басылымның бас редакторы Бауыржан Бабажанұлына берген сұхбаты жарияланды. Онда Президент ішкі және сыртқы саясатқа, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және басқа да өзекті тақырыптарға қатысты сұрақтарға жауап берді. Ол «Turkistan» газеті 30 жылдық тарихы бар Қазақстанның ең ықпалды басылымдарының бірі болып табылатынын және елдегі өзекті оқиғаларды жариялайтынын атап өтті.
Сұхбатта қазақстандықтарды толғандыратын энергетикалық және коммуналдық секторларды реформалау, инфрақұрылымның дағдарысты тозу проблемасы, жасанды интеллектті дамыту, транзит пен логистиканың маңыздылығы сияқты мәселелер талқыланды.
Мемлекет басшысы өз сұхбатында жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар мен жан-жақты жаңғырту бағыты әділ әрі бәсекеге қабілетті мемлекет құруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері әлеуметтік желілерде мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдірді және мемлекеттілік пен елдің әл-ауқатын көтеру бойынша айтқан мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
04 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылғы 4 қыркүйекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде Әзербайжанның мәдени мұрасына арналған «Халық өнеріндегі уақыт тынысы» көрмесінің ашылуына қатысты.


03 қыркүйек 2026 жыл
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырықбаев Арман Оразбайұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.


03 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылғы 3 қыркүйекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің бас сарапшысы Назым Биримкулова Республикасы Президентінің Архиві онлайн форматта ұйымдастырған «Құжаттық жарияланымдарды әзірлеудегі құжаттарды археографиялық рәсімдеудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы онлайн MeetUp кездесуге қатысты.


27 тамыз 2026 жыл
2026 жылғы 27 тамызда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай «Полигон – 29 тамыз» халықаралық қайырымдылық қоғамдық қорының негізін қалаушы, қоғам қайраткері Нұрлан Кешірімұлы Бозтаевпен кездесу форматында дөңгелек үстел өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz