Новости:
04 ақпан 2026 жыл
2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің ведомстволық бағынысты архив мекемелерінің ұжымдары - Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві, Орталық мемлекеттік архиві, Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві Zoom платформасында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің қолдауымен «Қазақстандық архившілер мен құжаттанушылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жаңа Конституция жобасының тармақтарын түсіндіру бойынша ұйымдастырған «Конституциялық реформа - қоғамның даму жолы» атты онлайн форматтағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Спикерлер ең алдымен Жаңа Конституция жобасының мемлекетті одан әрі тұрақты дамыту және әділ, жауапты және орнықты мемлекет құруға бағытталған қоғамды топтастыру үшін тарихи маңыздылығын атап өтті. Құжатта ұлттық бірегейлік, мемлекеттік тұрақтылық, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік көрініс тапты.
Заңнаманың орындалуына мемлекеттік бақылауды күшейтуге, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға және іс жүзінде әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған «Заң және Тәртіп» қағидаты, мемлекеттік тілдің мәртебесі, Вице-Президенттік институты бойынша да пікірлер айтылды.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
04 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылғы 4 қыркүйекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде Әзербайжанның мәдени мұрасына арналған «Халық өнеріндегі уақыт тынысы» көрмесінің ашылуына қатысты.


03 қыркүйек 2026 жыл
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырықбаев Арман Оразбайұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.


03 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылғы 3 қыркүйекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің бас сарапшысы Назым Биримкулова Республикасы Президентінің Архиві онлайн форматта ұйымдастырған «Құжаттық жарияланымдарды әзірлеудегі құжаттарды археографиялық рәсімдеудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы онлайн MeetUp кездесуге қатысты.


27 тамыз 2026 жыл
2026 жылғы 27 тамызда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай «Полигон – 29 тамыз» халықаралық қайырымдылық қоғамдық қорының негізін қалаушы, қоғам қайраткері Нұрлан Кешірімұлы Бозтаевпен кездесу форматында дөңгелек үстел өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz