Новости:
15 наурыз 2026 жыл
Дәстүрлі құндылық ретінде қайырымдылықтың орны біздің қоғамда аса маңызды. Миллиондаған қазақстандықтар атсалысып жүрген қайырымдылық іс-шаралары осыны көрсетеді.
Наурыз мерекесін тойлау аясында 15 наурыз «Қайырымдылық» күні болып белгіленді. Ұлы даланың басты құндылықтарының бірі – адамдардың бір-біріне мейірім танытып, өзара көмек көрсетуі қоғамды айрандай ұйытып, бір ел, бір халыққа біріктірген. Сол себепті «Қайырымдылық» күні қазіргі қазақ қоғамының басты құндылықтары болып отыр. Наурыздың бір күнін осы тақырыпқа арнау өскелең ұрпақ тәрбиесінде өз ізін қалдарары сөзсіз.
Осыған орай, 2026 жылдың 15 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері әркім өз үйлерінен азық-түлік, тұрмысқа қажет заттар әкеліп, көпбалалы және мұқтаж отбасыларына, мүгедек балалары бар отбасыларға азық-түлік жиынтығы түрінде қайырымдылық көмек көрсетті.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
20 сәуір 2026 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Ұлттық кітап күніне орай Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, публицист, жазушы, баспагер, Оңтүстік Америка үндістерінің өркениетін зерттеуші Сүлейменов Бейсенбай Жолдасбекұлының шығармашылығына арналған ұлттық рух пен тарихи сананы жаңғыртатын «Бабалар сөзі - болашаққа аманат» библиофреш шарасына қатысты.


15 сәуір 2026 жыл
2026 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.


12 сәуір 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві барша ғылым саласы қызметкерлерін, ғалымдарды, ғылыми институт мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтайды!


10 сәуір 2026 жыл
2026 жылғы 10-сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетімен бірлесіп, 12-сәуір – Қазақстан Ғылым қызметкерлерінің күні мерекесіне орай «Тұлғалар мұрасындағы ғылыми-техникалық құжаттар: сипатталуы, сақталуы және пайдаланылуы» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz