Новости:
16 наурыз 2026 жыл
2026 жылғы 16 наурызда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және құжаттарға ҒАА бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивист Айгүл Абдрахманова архив қызметкерлері үшін «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің құжаттарын «Е-Архив» жүйесіне енгізу» тақырыбында өндірістік оқу өткізді. Бұл жүйе «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында құжат айналымын толық цифрлық циклге көшіру үшін енгізілді.
Маман жалпы жүйенің құжаттарды қабылдау мен сақтауды автоматтандыру; ведомстволық және мемлекеттік архивтер арасындағы электронды іс-қимылды реттеу; жеке және заңды тұлғаларға архивтік анықтамаларды онлайн форматта беру сынды негізгі міндеттеріне тоқталды. Сонымен қатар артықшылықтарын атап өтті, мысалы, құжаттарды мемлекеттік архивке өткізу үшін қағазға басып шығарудың қажеті жоқ екендігі, көпжылдық архив деректерін кілт сөздер арқылы бірнеше секундта табуға болатындығы, құжаттардың бүлінуінен немесе жоғалуынан қорғалған орталықтандырылған серверлерде сақталуы.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
20 сәуір 2026 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Ұлттық кітап күніне орай Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, публицист, жазушы, баспагер, Оңтүстік Америка үндістерінің өркениетін зерттеуші Сүлейменов Бейсенбай Жолдасбекұлының шығармашылығына арналған ұлттық рух пен тарихи сананы жаңғыртатын «Бабалар сөзі - болашаққа аманат» библиофреш шарасына қатысты.


15 сәуір 2026 жыл
2026 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.


12 сәуір 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві барша ғылым саласы қызметкерлерін, ғалымдарды, ғылыми институт мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтайды!


10 сәуір 2026 жыл
2026 жылғы 10-сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетімен бірлесіп, 12-сәуір – Қазақстан Ғылым қызметкерлерінің күні мерекесіне орай «Тұлғалар мұрасындағы ғылыми-техникалық құжаттар: сипатталуы, сақталуы және пайдаланылуы» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz