Новости:
10 сәуір 2026 жыл
2026 жылғы 10-сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетімен бірлесіп, 12-сәуір – Қазақстан Ғылым қызметкерлерінің күні мерекесіне орай «Тұлғалар мұрасындағы ғылыми-техникалық құжаттар: сипатталуы, сақталуы және пайдаланылуы» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді. Бұл күн көрнекті қазақстандық ғалым-геолог және Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтпаевтың туған күніне орайластырылған.
Іс-шараның басты мақсаты ОМҒТҚА қорларындағы Қазақстан ғылымының даму жетістіктерінің көрсеткіші саналатын ғылыми-техникалық құжаттаманы және осы салаға еңбегі сіңген зерттеуші-ғалымдардың мұрасын жинақтау, сақтау және дәріптеу болды. Сонымен қатар цифрландыру дәуіріндегі заманауи архивтердің еліміздің ғылыми-интеллектуалдық әлеуетін көтерудегі зор мүмкіндіктеріне қоғам назарын аударып, осыған қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Іс-шараға сала мамандары, архив қызметкерлері, ғалымдар, зерттеушілер, оқытушылар, магистранттар мен докторанттар қатысты.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
20 мамыр 2026 жыл
2026 жылғы 20 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік архив тарихшы-архивтанушы, қоғам қайраткері, 1980-1994 және 2000-2002 жылдардағы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің директоры, 1994-1996 жылдардағы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Бас архив басқармасының басшысы Марат Жақсыбайұлы Хасанаевтың туғанына 80 жылдығына орай өткізген «Тәуелсіз Қазақстандағы архив ісінің өзекті мәселелері және Марат Хасанаевтың мұрасы» атты ІІ «Хасанаев оқулары – 2026» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.


19 мамыр 2026 жыл
Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында еліміздің бас қаласы Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы өз жұмысын бастады. Форум мәдениет саласына инновациялар, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізуге арналған ауқымды алаңға айналды.


15 мамыр 2026 жыл
Жыл сайын бүкіл әлемде 15-ші мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтіледі. 1993 жылғы 20 қыркүйекте отбасы проблемаларына қалың жұртшылықтың назарын аудару мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясымен бекітілген бұл мереке әрбір мемлекеттің демографиялық саясатымен бірге әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты ықпал ететін қазіргі қоғамдағы негізгі іргетасы ретінде отбасының маңыздылығын айқындайды.


14 мамыр 2026 жыл
2026 жылғы 14 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz