Новости:
15 мамыр 2026 жыл
Жыл сайын бүкіл әлемде 15-ші мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтіледі. 1993 жылғы 20 қыркүйекте отбасы проблемаларына қалың жұртшылықтың назарын аудару мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясымен бекітілген бұл мереке әрбір мемлекеттің демографиялық саясатымен бірге әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты ықпал ететін қазіргі қоғамдағы негізгі іргетасы ретінде отбасының маңыздылығын айқындайды.
Отбасы – әр адамның өміріндегі ең асыл қазына, мейірім мен тәрбиенің алтын бесігі. Ұлттық құндылықтарды сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізуде отбасының рөлі зор. Берекелі шаңырақта сыйластық пен сүйіспеншілік артып, ұрпақ тәрбиесі де өз мәнін табады. Ұлт пен мемлекет отбасынан басталады.
Құрметті қазақстандықтар, Халықаралық отбасы күнімен құттықтаймыз!
Әр шаңыраққа амандық, татулық, мол бақыт пен береке тілейміз. Отбасыларыңыз әрдайым қуанышқа, бірлікке және жылулыққа толы болсын!


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
08 маусым 2026 жыл
2026 жылғы 8 масымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде дирекциясы отырысы өтті.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылғы 5 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы, профессор, Инженерлік академияның толық мүшесі Қуанғали Қуатбаевтың жеке қоры құжаттарына негізінделіп «Қуанғали Қуатбаев: архив құжаттарындағы ғылыми мұра» атты дөңгелек үстел және құжаттық көрме ұйымдастырылды.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультеті 6В02202-Тарих және Тарих-дінтану-6В01602 білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 6В03204-Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша 1 курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz