Новости:
19 мамыр 2026 жыл
Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында еліміздің бас қаласы Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы өз жұмысын бастады. Форум мәдениет саласына инновациялар, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізуге арналған ауқымды алаңға айналды.
Форум бағдарламасында креативті индустрия, білім беру платформалары және технологиялық бағыттар сияқты салаларды ұсынатын халықаралық және қазақстандық сарапшылардың баяндамалары қарастырылған.
Форумның бірінші күні осындай ауқымды іс-шараға қатысушыларды қарсы алды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның форумға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзін ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов оқып берді
Форум аясында пленарлық отырыстар, панельдік сессиялар, білім беру блоктары және түрлі бағыттар бойынша практикалық интенсивтер қарастырылған. «Архив ісі» 2-секциясының жұмысында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева «Мәдени мұраны цифрлық трансформация жағдайында сақтау: ғылыми-техникалық құжаттама Орталық мемлекеттік архивінің тәжірибесі» тақырыбында сөз сөйлеп, онда мұраны цифрлық трансформация жағдайында сақтау тарихи деректерді қорғау, терең зерделеу және қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін электрондық форматтарға көшіруді көздейтінін атап өтті. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, цифрлық деректерді ұзақ мерзімді сақтау және технологияларды үнемі жаңарту қажеттілігі сияқты бірқатар сын-қатерлермен қатар жүретін заманауи цифрлық технологияларды енгізу туралы айтып берді. ОМҒТҚА ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Мадина Абдразақ «Цифрлық трансформация жағдайында архив ісінің дамуы: мәдени мұраны сақтаудың жаңа мүмкіндіктері» баяндамасымен сөз сөйледі. Ол қазіргі жаһандану және ақпараттық қоғам жағдайында цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы қоғамдық өмірдің барлық саласына елеулі өзгерістер енгізуін және архивтер тек тарихи құжаттарды сақтайтын мекеме ғана емес, қоғамның ақпараттық, ғылыми және мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз ететін маңызды ақпараттық орталыққа айналғанына тоқталды.
Секция қатысушыларының барлық баяндамалары архив саласына инновациялық технологияларды енгізу, еліміздің Ұлттық архив қорының құжаттарын цифрландыру аясында болды.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
08 маусым 2026 жыл
2026 жылғы 8 масымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде дирекциясы отырысы өтті.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылғы 5 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы, профессор, Инженерлік академияның толық мүшесі Қуанғали Қуатбаевтың жеке қоры құжаттарына негізінделіп «Қуанғали Қуатбаев: архив құжаттарындағы ғылыми мұра» атты дөңгелек үстел және құжаттық көрме ұйымдастырылды.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультеті 6В02202-Тарих және Тарих-дінтану-6В01602 білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 6В03204-Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша 1 курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz