Новости:
20 мамыр 2026 жыл
2026 жылғы 20 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік архив тарихшы-архивтанушы, қоғам қайраткері, 1980-1994 және 2000-2002 жылдардағы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің директоры, 1994-1996 жылдардағы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Бас архив басқармасының басшысы Марат Жақсыбайұлы Хасанаевтың туғанына 80 жылдығына орай өткізген «Тәуелсіз Қазақстандағы архив ісінің өзекті мәселелері және Марат Хасанаевтың мұрасы» атты ІІ «Хасанаев оқулары – 2026» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
М. Хасанаевтың Орталық мемлекеттік архивінде сақтаудағы жеке тектік қорындағы 1935-2004 жылдар аралығын қамтитын жеке тектік құжаттары бар: қолжазбалар, өмірбаяндық пен қызметтік құжаттар, хаттар, мақалалар, сөйлеген сөздері, пікірлері, фотосуреттері.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияға М. Хасанаевтың, қызметтес болған әріптестері, шәкірттері, туыстары қатысты.
Шара барысында қоғам қайраткерінің өмірі мен қызметі туралы бейнефильм көрсетілді және жеке тектік қорындағы түпнұсқа құжаттарынан көрме ұйымдастырылды.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
08 маусым 2026 жыл
2026 жылғы 8 масымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде дирекциясы отырысы өтті.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылғы 5 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы, профессор, Инженерлік академияның толық мүшесі Қуанғали Қуатбаевтың жеке қоры құжаттарына негізінделіп «Қуанғали Қуатбаев: архив құжаттарындағы ғылыми мұра» атты дөңгелек үстел және құжаттық көрме ұйымдастырылды.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультеті 6В02202-Тарих және Тарих-дінтану-6В01602 білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 6В03204-Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша 1 курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz