2026 жылғы 5 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы, профессор, Инженерлік академияның толық мүшесі Қуанғали Қуатбаевтың жеке қоры құжаттарына негізінделіп «Қуанғали Қуатбаев: архив құжаттарындағы ғылыми мұра» атты дөңгелек үстел және құжаттық көрме ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты көрнекті ғалым, инженер-құрылысшы Қуанғали Қуатбаевтың ғылыми-педагогикалық қызметін, еліміздің құрылыс саласы мен инженерлік ғылымының дамуына қосқан үлесін насихаттау, сондай-ақ оның жеке тектік құжаттарының ғылыми құндылығын таныстыру болды.
Архив қызметкерлері, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері қатысқан дөңгелек үстел барысында ғалымның өмір жолы, ғылыми еңбектері, инженерлік саладағы жетістіктері мен қоғамдық қызметі туралы архив құжаттары негізінде оның ғылыми мұрасы жан-жақты талқыланды. Болашақ тарихшы, құжаттанушы мамандар архив саласына, архивте сақталатын жеке тектік қорлардағы құжаттардың қоғамға маңыздылығы бойынша сұрақтар қойып, архив мамандарынан толыққанды жауап алды.
Құжаттық көрмеде Қуанғали Қуатбаевтың жеке қорынан алынған өмірбаяндық құжаттар, ғылыми еңбектері, қолжазбалары, фотосуреттері, марапаттары және қызметтік құжаттары ұсынылды және ғалымның кәсіби қызметі мен ғылыми мұрасын архив деректері арқылы танып-білуге мүмкіндік берді.
2026 жылғы 14 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.
2026 жылғы 7 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің қызметкері Әбдірасілов Нұртай «Архивті толықтыру көздерінде электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізудің теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбы бойынша өндірістік сабақ өткізді.
2026 жылғы 26 маусымда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалы филиалдың құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді.