Новости:
28 маусым 2026 жыл
28 маусым – елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттытайды.
Бұл мереке 2011 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. Бұл күн 1991 жылы 28 маусымда «Баспасөз және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның қабылдануына байланысты таңдалды.
Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Бұқаралық ақпарат құралдары билік пен халық арасындағы байланыстырушы көпір. Бұл салада жұмыс істеу – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік.
Отандық баспасөз еліміздің тұтастығы мен татулығын нығайту жолында елеулі рөл атқарады.
Осынау кәсіби мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, шығармашылық шабыт, толағай табыс тілейміз!


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
05 тамыз 2026 жыл
2026 жылғы 5 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 20 жылдығына арналған «Архивтер: цифрлық трансформация, конституциялық құндылықтар, тарихи мұра» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.


01 тамыз 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ұжымы Халықаралық архитекторлар академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген саулетшісі, Алматы қаласының Құрметті азаматы
Ералиев Тоқтар Ералыұлының өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтады.


24 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 24 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдері – Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың 100 жылдығы және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсын Әбуовтың 90 жылдығына орай өткізген «Қазақ өнерінің қос шебері» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.


23 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 23 шілдеде Орталық мемтекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында толықтыру көздері болып табылатын ұйымдардың 32 құжаттар жобалары қаралды


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz