Новости:
24 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 24 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдері – Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың 100 жылдығы және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсын Әбуовтың 90 жылдығына орай өткізген «Қазақ өнерінің қос шебері» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.
Көрме экспозициясы Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің бейнелеу өнері қорындағы қос суретшінің туындыларды – кескіндемелік шығармалары, графикалық жұмыстары, эскиздер және нобайларымен таныстырады. Көрмеге қойылған көптеген туындылар бұған дейін көпшілік назарына сирек ұсынылғанымен, суретшілердің шығармашылық әдістерін тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді.
Көрермендер көрме барысында өнер туындыларымен танысып қана қоймай, шығармалар дүниеге келген дәуірдің тынысын сезініп, суретшілердің кәсіби жолы мен шығармашылық даралығын танытатын жеке заттарын да тамашалады.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
04 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылғы 4 қыркүйекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде Әзербайжанның мәдени мұрасына арналған «Халық өнеріндегі уақыт тынысы» көрмесінің ашылуына қатысты.


03 қыркүйек 2026 жыл
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырықбаев Арман Оразбайұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.


03 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылғы 3 қыркүйекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің бас сарапшысы Назым Биримкулова Республикасы Президентінің Архиві онлайн форматта ұйымдастырған «Құжаттық жарияланымдарды әзірлеудегі құжаттарды археографиялық рәсімдеудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы онлайн MeetUp кездесуге қатысты.


27 тамыз 2026 жыл
2026 жылғы 27 тамызда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай «Полигон – 29 тамыз» халықаралық қайырымдылық қоғамдық қорының негізін қалаушы, қоғам қайраткері Нұрлан Кешірімұлы Бозтаевпен кездесу форматында дөңгелек үстел өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz