Новости:
05 тамыз 2026 жыл
2026 жылғы 5 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 20 жылдығына арналған «Архивтер: цифрлық трансформация, конституциялық құндылықтар, тарихи мұра» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты республика және шетел әріптестермен архив саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, құжаттық мұраны сақтау мен ғылыми айналымға енгізудің өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын архив ісіне енгізу тәжірибесімен алмасу болды.
Премьер-министрдің орынбасары - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 20 жылдығына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын оқып берді және архив ұжымына шығармашылық табыстар тіледі.
Халықаралық конференцияға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, мемлекеттік органдардың, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Сауд Арабиясы Корольдігі, Тәжікстан архив мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ жетекші ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары мен республикамыздың барлық өңірлерінен келген архив саласының мамандары қатысты.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы қатысып, «Ел мүддесін арқалаған сәулет өнерінің саңлағы Әбдісағит Тәтіғұловтың құнды мұрасы бейінді архив қорларында» баяндамасында Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы, архитекторлық ғылымдардың кандидаты Әбдісағит Шаймұханбетұлының ұлттық сәулет мектебін қалыптастырып, құрылыс саласын дамытуға қосқан үлесін атап өтті.
Іс-шара аясында «Архив: өткен мен болашақты жалғаған 20 жыл» құжаттық көрмесі ұйымдастырылып, «Құндылықтар қоймасы – Ұлттық архивке 20 жыл» фотоальбомының таныстырылымы өткізілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің алғашқы директоры, қоғам қайраткері Рысты Халесқызы Сариеваға арналған естелік бұрышы барша қонақтардың үлкен ықыласын тудырды.
Конференция бағдарламасы бойынша пленарлық отырыс пен 4 секция жұмыс істеді. Онда Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архив басылымдарын ғылыми жариялау, халықаралық ынтымақтастық, архивтердің цифрлық трансформациясы және жасанды интеллект технологияларын пайдалану мәселелері талқыланды.
Конференция қорытындысы бойынша қарар қабылданып, архив саласын одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірленді.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
04 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылғы 4 қыркүйекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде Әзербайжанның мәдени мұрасына арналған «Халық өнеріндегі уақыт тынысы» көрмесінің ашылуына қатысты.


03 қыркүйек 2026 жыл
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырықбаев Арман Оразбайұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.


03 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылғы 3 қыркүйекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің бас сарапшысы Назым Биримкулова Республикасы Президентінің Архиві онлайн форматта ұйымдастырған «Құжаттық жарияланымдарды әзірлеудегі құжаттарды археографиялық рәсімдеудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы онлайн MeetUp кездесуге қатысты.


27 тамыз 2026 жыл
2026 жылғы 27 тамызда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай «Полигон – 29 тамыз» халықаралық қайырымдылық қоғамдық қорының негізін қалаушы, қоғам қайраткері Нұрлан Кешірімұлы Бозтаевпен кездесу форматында дөңгелек үстел өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz