Новости:
27 тамыз 2026 жыл
2026 жылғы 27 тамызда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің вице-министрі Рустам Әлидің қала тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – азаматтардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдау, мәдениет және ақпарат салаларындағы өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ халықпен ашық диалог орнату. Кездесуге Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы қатысты. Кездесу барысында мәдениет, ақпарат және архив салаларының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына, сондай-ақ Алматы қаласының дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Азаматтар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, салаға қатысты сауалдар қойылды. Қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
10 қазан 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ұжымы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрайымы Құрманова Айзада Амангелдіқызына анасы Құрманова Әмина Қайыркелдіқызы өмірден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтады.


09 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 9 қазанда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» Қазақстан кәсіподақтар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.


07 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 5-6 қазанда Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Толқын Жанайдарова, Инабат Ерғалиева және Нұртай Әбдірасілов Грузияның Батуми қаласында Білім және спорт министрлігінің Архив басқармасы ұйымдастырған «Оңтүстік-Батыс Грузия: тарих, археология, этнология» атты 12-ші Халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысты.


01 қазан 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві баршаңызды 1 қазан – Халықаралық Қарттар күнімен құттықтайды!


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz