Новости:
04 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылғы 4 қыркүйекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде Әзербайжанның мәдени мұрасына арналған «Халық өнеріндегі уақыт тынысы» көрмесінің ашылуына қатысты. Экспозицияда Әзербайжан Ұлттық кілем музейінің (Баку қаласы) қорынан алынған XIX–XX ғасырлардағы өнердің үздік үлгілері ұсынылды.

Көрмені Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры, Әзербайжан ұлттық кілем музейі және Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі ұйымдастырды.
Экспозицияның жеке бөлімі көрнекті ғалым, кілем суретшісі, Әзербайжан ұлттық кілем музейінің негізін қалаушы, Әзербайжанның халық суретшісі Лятиф Керимовтің туғанына 120 жыл толуына арналды. Оның жасаған эскиздері, сондай-ақ «Екінші көктем» және «Хатаи» кілемдері ұсынылды.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
14 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 14 қазанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен Институттың құрылғанына 30 жыл толуына орай өткізген «Қазақстан мен Шығыс әлемінің тарихи-мәдени, саяси-экономикалық қарым-қатынастары: тарихы, бүгіні және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік


10 қазан 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ұжымы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрайымы Құрманова Айзада Амангелдіқызына анасы Құрманова Әмина Қайыркелдіқызы өмірден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтады.


09 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 9 қазанда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» Қазақстан кәсіподақтар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.


07 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 5-6 қазанда Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Толқын Жанайдарова, Инабат Ерғалиева және Нұртай Әбдірасілов Грузияның Батуми қаласында Білім және спорт министрлігінің Архив басқармасы ұйымдастырған «Оңтүстік-Батыс Грузия: тарих, археология, этнология» атты 12-ші Халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz