Новости:
09 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 9 қазанда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» Қазақстан кәсіподақтар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Іс-шара аясында мерекелік іс-шара өтіп, онда бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшыларына құрмет көрсетілді.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсел Тұрсыналиева қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға, әлеуметтік әріптестікті дамытуға және еңбек қатынастарын реттеуге үлес қосқан үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
06 қараша 2026 жыл
2026 жылғы 6 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Амантайқызы Жұматаева және директор орынбасары Толқын Сағантайқызы Жанайдарова Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Түркістан облысының мемлекеттік архиві Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі архив ісіне 100 жыл толуына орай өткізген «Ұлттық архив қоры: 100 жылдық белес»: тарих пен болашақ сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.


05 қараша 2026 жыл
2026 жылғы 5 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері поляктардың Қазақстан аумағына депортациясының 90 жылдығына арналған «Қазақстан поляктары. Қиын оқиға» көрмесіп тамашалап қайтты. Көрмені Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі Польша Республикасының Алматыдағы Бас Консулдығының қолдауымен ұйымдастырды.


04 қараша 2026 жыл
Бүгін «Ерекше қауіп-қатер сарбаздары және Чернобыль ардагерлері одағы» республикалық бірлестігі кеңесінің атынан Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева мен ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің басшысы Инабат Ерғалиева архив қоры құжаттарын сақтау барысындағы адал еңбегі және белсенді азаматтық ұстанымы үшін «ҚАЗАҚСТАН ПАТРИОТЫ» медалімен марапатталды.


28 қазан 2026 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының тікелей трансляциясын ұжымдық көру ұйымдастырылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz