Новости:
14 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 14 қазанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен Институттың құрылғанына 30 жыл толуына орай өткізген «Қазақстан мен Шығыс әлемінің тарихи-мәдени, саяси-экономикалық қарым-қатынастары: тарихы, бүгіні және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты отандық шығыстану ғылымының жетекші ғылыми-зерттеу орталығы ретінде өзінің беделін нығайтып, Қазақстан мен Шығыс елдерінің тарихи-мәдени, саяси-экономикалық және рухани байланыстарын зерттеуге, шетелдік архивтер мен кітапханалардағы ұлттық тарихымызға қатысты құнды деректерді анықтап, ғылыми айналымға енгізу сынды маңызды міндеттерді жүзеге асырып келеді.
Конференция барысында қазақстандық және шетелдік тарихшы ғалымдар мен зерттеушілер Қазақстан мен шығыс әлемінің тарихи, мәдени, саяси және экономикалық қарым-қатынастарының өзекті мәселелерін кеңінен талқылады және пікір алмасты.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Амантайқызы Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының басшылығы мен ұжымына өзінің құттықтау хатын жолдап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
06 қараша 2026 жыл
2026 жылғы 6 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Амантайқызы Жұматаева және директор орынбасары Толқын Сағантайқызы Жанайдарова Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Түркістан облысының мемлекеттік архиві Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі архив ісіне 100 жыл толуына орай өткізген «Ұлттық архив қоры: 100 жылдық белес»: тарих пен болашақ сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.


05 қараша 2026 жыл
2026 жылғы 5 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері поляктардың Қазақстан аумағына депортациясының 90 жылдығына арналған «Қазақстан поляктары. Қиын оқиға» көрмесіп тамашалап қайтты. Көрмені Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі Польша Республикасының Алматыдағы Бас Консулдығының қолдауымен ұйымдастырды.


04 қараша 2026 жыл
Бүгін «Ерекше қауіп-қатер сарбаздары және Чернобыль ардагерлері одағы» республикалық бірлестігі кеңесінің атынан Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева мен ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің басшысы Инабат Ерғалиева архив қоры құжаттарын сақтау барысындағы адал еңбегі және белсенді азаматтық ұстанымы үшін «ҚАЗАҚСТАН ПАТРИОТЫ» медалімен марапатталды.


28 қазан 2026 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының тікелей трансляциясын ұжымдық көру ұйымдастырылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz