Новости:
15 сәуір 2019 жыл
2019 ж. 12 сәуірінде ОМҒТҚА қызметкерлері Ж. Қаламбаева мен Н. Тұрсынбек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультетінің Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы ҚР ПРезиденті архивінің базасында ұйымдастырған «Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандығы бойынша «Архив ісі және құжаттану» оқу-өндірістік кафедрасының ашылуының тысаукесеріне қатысты.
Тысаукесерден кейін архивтану және іс жүргізуді ұйымдастыру бойынша IV қалалық студенттердің олимпиадасы өтті. Олимпиадаға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеттерінің 6 командасы қатысты. Бірінші кезеңде – сәлемдесу байқауында командалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті, екінші кезеңде - үй тапсырмасы бойынша студенттер ғылыми жобаларының таныстырылымын өткізді. ОМҒТҚА ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Ж. Қаламбаева олимпиаданың қазылар алқасының мүшесі болып қатысты.
Іс-шаралар ҚР Президенті архивінде Жастар жылы аясында «Архив-2025» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өтті.





Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz