Новости:
20 мамыр 2019 жыл
2019 ж. 16 мамырында ОМҒТҚА қызметкері Ж. Қаламбаева ҚР Мемлекеттік орталық музейінде өткен суретші-график, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Фатима Таразидің «Тұран» атты жеке көркем туындылар көрмесінің ашылуына қатысты. Ф. Тарази жақын және алыс шетелдердің - Австрия, Германия, Болгария, Чехословакия, Иемен Араб Республикасы, Эфиопия, Марокко, Никарагуа, Мозамбик, Мексика, Польша, Венгрия, АҚШ, Швейцария, Франция, Италия және т.б. бүкілодақтық, республикалық, аймақтық көрмелердің қатысушысы. 1997 жылы ол ЮНЕСКО қамқорлығымен Франциядағы (Париж қ.) өткен «Женщины за мир и культуру» атты бүкіләлемдік форумға қатысып, жеке көрмеде өз шығармаларын ұсынды.
Қазіргі уақытта Фатиманың жұмыстары Қазақстан Республикасының музейлерінде, Италияның Милан галереясында, АҚШ-тың (Вашингтон қ.) жеке коллекцияларында және Батыс Еуропа елдерінде сақталуда. 2010 жылы ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры екі көркем жұмысты сатып алды. Ф. Тарази Республикалық «Жігер» жастар фестивалінің лауреаты, Бакудегі халықаралық көрменің дипломанты (1983 ж.), Мемлекеттік Президенттік стипендияның стипендианты (2012 ж.). 2016 жылы «Манас» дүниежүзілік эпосына автолитография сериясы үшін алтын медальмен марапатталған. Ф. Тарази Қазақстан Республикасының 100 көрнекті қайраткерлерінің қатарына кіреді.
Көрмеге шебердің 100-ге жуық шығармалары қойылды.








Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz