Новости:
24 мамыр 2019 жыл
2019 ж. 23 мамыр Архив қалашығының конференц залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш. Айманов «Қазақфильм» киностудиясы дайындаған «Жизнь специального назначения» атты деректі фильмнің көрсетілімі болды.
Деректі фильм ауған соғысының ардагері, 177 арнайы жасағының командирі, «Қара майор» атағымен белгілі отставкадағы полковник Борис Төкенұлы Керімбаевтың тағдыры туралы айтып берді. Сценарий авторлары мен режиссерлер-қоюшылар: Әсет Ерназаров және Ғазиз Насыров.
Іс-шараға барлық Орталық мемлекеттік архивтердің мамандары, ауған соғысының ардагерлері, сонымен қатар, фильмнің түсіру тобының өкілдері қатысты. Ауған соғысының ардагерлері мемлекет тарихының осы қайғылы кезеңі бойынша естеліктерімен бөлісіп, архив қызметкерлеріне осы тақырыптарға жиі жүгінуге, сол оқиға қатысушылардың деректі куәліктерін және «тірі тарихтарын» жинау туралы тілектерін білдірді. Өйткені, бүгінгі ұрпақ сол сұм соғыста, өзінің әскери борышын орындаған азаматтарды біліп, құрметтеп, есте сақтауы тиіс.
Архивістер өз тарапынан фильмнің түсіру тобын осы күрделі тақырыпқа қоғамның назарын аударып, қазақстандықтардың, ауған соғысының ардагерлерінің өмірлері мен ерліктерінің белгісіз фактілерін ашып көрсеткеніне алғыстарын білдірді.





Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz