Новости:
11 қыркүйек 2019 жыл
2019 ж. 10 қырқүйегінде Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің Даңқ Залында талантты ғалым, дәрігер, Қазақстанның денсаулық сақтау саласын ұйымдастырушы Бақия Атшабарұлы Атшабаров туралы «Азаматтығы асқақ ғалым. Учёный. Гражданин. Патриот» атты құжаттар мен материалдар жинағының таныстырылымы өтті. Жинақты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ұжымы дайындаған. Редакциялық алқасы: А.Б. Атшабаров, Б.Б. Атшабаров, Б.А. Жұматаева. Құрастырушылар: В.Е. Печерских (жауапты), А.Қ. Еркенова. Жинаққа 161 құжат енгізілген.
Кітапты құрастыруға Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде сақталған екі қордың құжаттары негіз болды. Олар 2018 ж. қорқұрушының ұлдары тапсырған Б. А. Атшабаровтың құжаттарынан құралған жеке қоры (№ 188) және Бақия Атшабаров 30 жылдан астам басшылық еткен Қазақ өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының қоры (№ 79).
Басылымды дайындау кезінде, 2012 ж. Ф.С. Шынғысова, С.А. Жанайдаров және А.Б. Атшабаровтың құрастыруымен Алматы қаласының Нұрай принт-сервис баспасынан шыққан «Біртуар, асыл ағамыз Бақия Атшабарұлы (замандастар естеліктері)» атты кітаптағы Бақия Атшабарұлының туыстары мен жақындарының, әріптестері мен үзеңгілестерінің және шәкірттерінің естеліктері пайдаланылды.
Жинақтың жеке бөліміне Б.А. Атшабаровтың сұхбаттары мен БАҚ-дағы ол туралы жарияланымдар енгізілген. Сондай-ақ, Бақия Атшабарұлының әріптестері және шәкірттерімен болған хат алмасулары ұсынылған.
Басылымда мәтіндік құжаттардан басқа, Б. Атшабаровтың өмірі мен кәсіби қызметінің әр кезеңдерін бейнелейтін фотосуреттері орналасқан түрлі-түсті қосымша бар. Барлық фотосуреттер аннотацияланған.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін жинақтың ғылыми-анықтамалық аппараты: мазмұны, қысқартылған сөздер тізімі және жинақтағы парақтарда көрсетілген барлық атаулардың атаулы көрсеткіші құрастырылған.
Жинақтың таныстырылымына Б. А. Атшабаровтың отбасы мүшелері, әріптестері мен шәкірттері, тарихшылар мен архивістер, оқытушылар мен студенттер, қоғамдық ұжымдардың өкілдері қатысты.




























Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz