Новости:
18 қазан 2019 жыл
Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Жаңа тарих Орталық мемлекеттік архивінің негізінде құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві 25 жылдық мерейтойын атап өтуде. Мұнда Қазақстанның ХХ–ХХІ ғасырдағы саяси тарихының құжаттары сақталуда. 2019 жылғы 1 қаңтардағы деректер бойынша архив қоры 810 мыңнан астам сақтау бірлігін құрап отыр.
Архив Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Әкімшілігінің және мемлекет басшысына тікелей бағынысты басқа да мемлекеттік органдардың қызметтерін архивтік қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындайды. Ел Президентіне тікелей бағынысты мемлекеттік органдардың, сонымен қатар қоғамдық бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымына енетін ұлттық мәдени орталықтардың құжаттарын жинақтайды.
Осы айтулы күнмен өз әріптестерін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Б. А. Жұматаева құттықтады.
Архивтің 25 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралардың бірі ретінде «Қазіргі кезеңдегі архив ісі: мәселелер, тәжірибелер, инновациялар» тақырыбындағы II халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Оның ресми ашылуы 2019 жылы 17 қазанда Алматы қ. өтті. Конференция жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Польша, Ресей және Өзбекстан мемлекеттерінің архив ісіндегі жетекші сарапшылар мен тәжірибелі мамандар қатысты.
Конференцияда әлемдік архив ғылымының жетістіктері және экономика мен қоғамның жеделдетілген технологиялық жаңғыруының тәжірибелерін, тиімді ақпараттық іздеуді ұйымдастыруды, ақпараттық ресурстарды іріктеу, сканерлеу, каталогтау, архивтік мәліметтер базасына қолжетімділік және тағы да басқа өзекті мәселелерді қарастыру, сонымен қатар архив ісінің жағдайы мен даму келешегін талқылау ұсынылып отыр. Басты назар архивтердегі цифрлық ресурстарды интеграциялау жағдайы мен болашағына, біртұтас ақпараттық кеңістіктің бөлшегі ретінде ақпараттық архивтік ортаны құруға аударылады.
Секциялардың бірінде «Электронды құжаттардың сақталуын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында ОМҒТҚА директоры Б. А. Жұматаева хабарлама сөз сөйледі.









Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz