Новости:
18 қазан 2019 жыл
2019 ж. 17 қазанында ОМҒТҚА қызметкерлері Ж. Қаламбаева және Б. Толбаева ҚР Мемлекеттік орталық музейі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырған Қазақстанның атақты суретшісі, мүсінші Бақытжан Әбішевтің «Дала үні» атты мемориалдық көрмесінің ашылуына қатысты.
Б. Әбішев – ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Ленин комсомолы сыйлығының және Ж. Жабаев атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты, ҚР мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Өнер академиясының алтын медалі мен дипломымен марапатталған. Оған Қазақстанның мәдениеті мен бейнелеу өнерін дамыту ісіне қосқан зор үлесі үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығы, ҚР Президентінің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығы берілген.
Б. Әбішев 1970 жылдан бастап студенттік, республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелердің тұрақты қатысушысы, сондай-ақ көптеген байқаулардың лауреаты, көрнекті монументалдық жұмыстардың авторы. Бақытжан Әбішев – қазақ халқының батырларына арнап қойылған көптеген ғажайып ескерткіштердің авторы. Алматы қаласында Жамбыл және Тоқаш Бокинге, Жаңа-Қорғанда Ұлы Отан соғысы құрбандарына, Ақтөбе қаласында Әлия Молдағұловаға, Бұхар Жырау, М. Көпеев, Баянауылда С. Торайғыровқа, Қарағанды қаласында жазушы С. Сейфуллинге қойылған ескерткіштер, сонымен қатар Алматы қаласындағы Әль-Фараби, Махамбет, Күләш Байсейтова, жазушы А. Шарипов, Нұр-Сұлтан қаласында Ата Түрік, Жаяу Мұса тұрпаттырының авторы. Станок жанрының шеберінің көптеген жұмыстары қазақстандық және шетелдік музейлерде «Олимпиадашы» атты өзгеше еңбегі Швейцарияның Лозанна қаласындағы Олимпиадалық комитеттің штаб – пәтерінде тұрған, Германияның жеке коллекциясындағы «Күйші», Мәскеу қаласындағы «Томирис». Әсіресе 1836–1837 жылдардағы көтеріліс басшылары Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Таймановтың монументальдық комплексіне сіңірген еңбегі өлшеусіз.








Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz