Новости:
23 желтоқсан 2021 жыл
2021 жылғы 22 желтоқсанда Алматы қаласының мемлекеттік архивінде кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының архивисі күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қ.Бораш жиналғандарды республикада алғаш рет атап өтілетін кәсіби мерекемен құттықтады.
Іс-шаралар аясында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік кезеңіндегі архив саласының жетістіктері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Сондай-ақ, аталған форумда Қазақстан архистінің Этикалық кодексі қабылданып, оны ОМҒТҚА директоры Б.А. Жұматаева таныстырды.
Республика архивисттерінің бір тобы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Архивист күніне орай Қазақстан Республикасы Вице-премьерінің, ҚР Мәдениет және спорт министрінің, Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының мерейтойлық медальдарымен, ведомстволық белгілерімен, Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.
Олардың ішінде ОМҒТҚА қызметкерлері: архив директоры Б.А. Жұматаева «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен; архив директорының орынбасары М. Б. Шегебаев «Халық алғысы» медалімен марапатталды; Ж. А. Қаламбаеваға Қазақстан Республикасының вице-премьері Е. Тоғжановтың қолы қойылған Алғыс хат табысталды; Т. С. Жанайдарова пен В. Е. Печерских «Архив саласының үздігі» ведомстволық белгісімен марапатталды. ОМҒТҚА қызметкерлерінің бір тобына ҚР Мәдениет және спорт министрі мен Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының қолы қойылған Алғыс хаттар табыс етілді.




















Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz