2023 жылы 24 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының отырысы өтті. Онда 2023 жылы 16 ақпанда өтетін "Шексіз тарих беттері" Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясын өткізуге дайындық, сондай-ақ ОМҒТҚА-нің "Е-архив " ақпараттық жүйесі қызметінің мәселелері қаралды.
Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Жаңару мен жасампаздықтың бастауы саналатын Ұлыстың ұлы күні, ырыс-берекенің арқауы Наурыз мерекесі қарсаңында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде мерекелік іс-шара өткізілді.
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері кеңестік және қазақ театр және кино актрисасы, Қазақ КСР халық әртісі Бикен Римованың 100 жылдығына арналған «Өнермен өрілген өмір» көрмесінде болды. Көрмені Жетісу облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры Алматы қ. «Мәскеу» метрополитен станциясында ұйымдастырды.
2023 жылғы 15 наурызда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің "Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві" РММ Медиа - Жоспарына сәйкес архивтің әдістемелік кабинетінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері және Алматы қаласының көпсалалы колледжі студенттеріне "П.И.Мариковский. Жартастағы суреттердің көшірмелері. Графика. Кескіндеме" атты кездесуі өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрінің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді.