Новости:
14 наурыз 2023 жыл
2023 жылдың 14 наурызында ОМҒТҚА директоры Жұматаева Б.А. және ОМҒТҚА қорларының бас сақтаушысы Бейсембаева М.М. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған "ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ" Халықаралық ғылыми форумына қатысты.
Форумға қатысушыларды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Дауешов Н.М. қарсы алды.
Форум жұмысының мақсаты: түркітілдес халықтардың этникалық тарихы мен мәдени мұрасын насихаттау.
Форум жұмысының міндеттері: түркітілдес халықтардың тарихи этногенезін, мәдениеті мен өнерін зерделеу мәселелерін өзектендіру; түркітілдес халықтардың тарихи-мәдени құндылықтарын дәріптеу: материалдық және материалдық емес (рухани) мұрасын зерттеу, зерделеу; "Наурыз": сақтау және насихаттаудың жаңа нысандары мен тәсілдерін анықтау және зерделеу; мәдениет пен ғылым ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты жандандыру, ғылыми және мәдени-білім беру қызметі саласындағы дәстүрлі және инновациялық бағыттарды дамыту перспективаларын талқылау үшін бірыңғай алаң құру; Қазақстандық және шетелдік мамандардың күшімен түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерделеу бойынша бірлескен кешенді пәнаралық зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін айқындау; музей экспозициясы мен қор материалдары негізінде мәдени туризмді дамыту;- музейлер арасындағы іскерлік байланысты қалыптастыру.
Форум барысында панельдік пікірталастар да өтті:
- Материалдық емес мәдени мұра құндылықтарын насихаттауға арнаған «STARTUP-NAURYZ» жобасы (18-35 жастағы жас мамандар мен ғалымдардың жобалары);
- «Музей жұмысының замануи инновациялық нысандарының ғылыми және практикалық аспектілері»;
Сонымен қатар «Орталық Азия халықтарының XVIII-XIX ғғ. зергерлік бұйымдары» (А. Әкімбековтің жеке коллекциясы негізінде көрмесі) аттыі іс-шаралар ұйымдастырылады.
Форумға Түркия Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдары, ЮНЕСКО Кластерлік бюросының директоры, ғылыми мекемелердің қызметкерлері, оқу орындарының оқытушылары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, музей, архив, кітапхана мамандары, жалпы түркі әлемінің тарихын, мәдениеті мен өнерін зерттеумен айналысатын жас ғалымдар, бакалавр, магистрлер, докторанттар және өзге де қызығушылық танытатын тұлғалар шақырылады.









Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz