ќаз
|
рус
Вход
_USERNAME 
_USERPASSWORD 
Авторизация пользователя
ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА
АРХИВI
 
_NEWS:
29 мамыр 2023 жыл
2023 жылдың 24-26 мамыр аралығында Бұхара қаласында (Өзбекстан Республикасы) «Кітап және оқу қоғамды дамытудағы стратегиялық ресурс ретінде» II Достастық форумы аясында «Орталық Азия: Интернет және ғылым, білім, мәдениет және бизнестегі ақпараттық-кітапханалық ресурстар» XVI Халықаралық конференциясы өтті.
Конференцияны ұйымдастырушылар: Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры, Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасы, «Узархив» Агенттігі, Мұхаммед әл-Хорезми атындағы Ташкент ақпараттық технологиялар университеті, Өзбек мемлекеттік өнер және мәдениет институты болды.
Конференцияда баяндама жасаған қатысушылардың қатарында Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Армения, Өзбекстан Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Түркия Республикасынан келген кітапхана және архив ісі саласының мамандары болды.
Конференцияда кітапхана қызметінде өзекті саналатын, оның ішінде кітапханалар мен ақпараттық орталықтарды цифрландыру үрдісі барысындағы электрондық ресурсының мүмкіндіктері, сондай-ақ архив ісіндегі проблемалар мен оларды шешу жолдары, нақтылап айтса архив қызметін автоматтандыру, құжаттардың сақталуын және қалпына келтірілуін қамтамасыз ету, архивтік құжаттарды насихаттау, пайдаланушыларға қашықтықтан қызмет көрсету, архившілердің халықаралық байланыстарын дамыту сынды мәселелердің кең ауқымы талқыланды.
«Архивтер қызметін тиімді ұйымдастырудағы заманауи технологиялардың рөлі» секциясының жұмысына «ҚР ОМҒТҚА архивтік құжаттарын ақпараттық кеңістікте дәріптеу» атты баяндамамен Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Б.А. Жұматаева сөз сөйледі. Өз сөзінде архив басшысы Қазақстан Республикасының архив саласында «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» (Е-архив) ақпараттық жүйесінің жұмысына да тоқталып өтті. Бұл баяндама секцияда үздік деп танылды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы директорының ақпараттық ресурстар жөніндегі орынбасары Н.Н. Жолдыбалинов конференцияда «Ұлттық электронды кітапхана (ҚазҰЭК) – Қазақстанның мәдени және ғылыми мұрасының электронды ресурсы» тақырыбында баяндама жасады.
Форумдағы делегациямыздың тағы бір өкілі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі Г. Әбікова «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасындағы қолжазба және баспа мұрасын зерттеу және сақтау технологиялары» тақырыбында баяндама жасады.
Конференцияға халықаралық сарапшылар, кітапхана директорлары, ақпараттық-ресурстық және ақпараттық-кітапханалық орталықтардың басшылары мен мамандары, архив, музей мамандары, ғалымдар, білім беру ұйымдарының оқытушылары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының мамандары, қоғам қайраткерлері, министрліктер мен ведомстволар өкілдері қатысты.




























_ALLNEWS

Жаңалықтар

Показать все
29 қыркүйек 2023 жыл
2023 жылдың 28 қыркүйегінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Ақпараттық технологиялар және цифрландыру бөлімінің қызметкерлері «Ақпараттық технологиялар, құжаттарды қалпына келтіру және сканерлеу» тақырыбында оқу семинарын өткізді.


28 қыркүйек 2023 жыл
Сараптау-тексеру және методикалық комиссияның отырысы өтті


21 қыркүйек 2023 жыл
2023 жылдың 21 қыркүйегінде ҚР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қызметкерлері Орталық мемлекеттік архивінің әріптестерімен бірлесіп Ашық есік күнін өткізді. Ашық есік күніне Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.


21 қыркүйек 2023 жыл
2023 жылдың 20 қыркүйегінде Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) ТМД мемлекеттерінің мемлекеттік архив қызметі басшыларының Консультативтік кеңесінің 19-шы отырысында «Архивтер және электронды құжаттар: уақыттың сын-қатерлері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция ұйымдастырушылары – Ресей Федерациясының Архив агенттігі, Өзбекстан Республикасының Узархив агенттігі және Бүкілресейлік құжаттану және архив ісі ғылыми-зерттеу институты.


Яндекс.Метрика Web site engine code is Copyright ©2007-2008 by Kasseler CMS. All rights reserved.   Разработка и поддержка: neon-group