ќаз
|
рус
Вход
_USERNAME 
_USERPASSWORD 
Авторизация пользователя
ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА
АРХИВI
 
_NEWS:
20 қараша 2023 жыл
Қазақстан Республикасы Қаржы жүйесі қызметкерлері күніне, ұлттық валюта – теңгенің 30 жылдығына байланысты және жоғары кәсіби біліктілігі үшін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің бас есепшісі Болысбекова Раушан Камалбекқызына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі А.Ғ. Балаеваның Алғыс хаты табыс етілді.
Бұған дейін еңбек жолын тікелей Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне арнаған тағы бір қызметкеріміз – Роза Ілиясқызы Медалиева «Теңгеге 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған болатын.
ОМҒТҚА ұжымы Роза Ілиясқызы мен Раушан Камалбекқызын осы лайықты марапаттарымен құттықтап, алдағы уақытта да кәсіби қызметінде табыстар тілейді!








_ALLNEWS

Жаңалықтар

Показать все
07 желтоқсан 2023 жыл
2023 жылғы 7-8 желтоқсанда Бейбітшілік және келісім сарайында (Астана қ.) Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңының қабылданғанына 25 жыл толуына және Қазақстан Республикасы астанасының 25 жылдығына арналған «Astana archive fest» Халықаралық архивистер форумы өтті.


06 желтоқсан 2023 жыл
2023 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің мәжіліс залында (Астана қ.) «Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті (Шетелдік қазақстаника бойынша құжаттарды анықтау, көшірмесін жасау, сандық форматқа аудару және жариялау мәселелері мен болашағы).


05 желтоқсан 2023 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде онлайн форматта ZOOM конференц-платформасында «University Service Management» жеке мекемесінің қызметкерлеріне арналған «Ғылыми-техникалық құжаттаманы сақтау, есепке алу және пайдалануды ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті.


05 желтоқсан 2023 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің қызметкерлері директоры Баян Амантайқызы Жұматаева және архив ұжымы атынан Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы ведомстволық архивінің қызметкері Ләззат Қаспайқызы Бақтыбаеваға көпжылдық жемісті еңбегі үшін алғыс білдіріп, зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.


Яндекс.Метрика Web site engine code is Copyright ©2007-2008 by Kasseler CMS. All rights reserved.   Разработка и поддержка: neon-group