Новости:
05 маусым 2024 жыл
2024 жылдың 5 маусымында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы «Қазақстан мен Өзбекстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына қатысып, «Архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етудің заманауи технологиялары» секциясының модераторы болып «Ведомстволық және жеке архивтерде ҒТҚ сақтау мәселелері» атты баяндамамен сөз сөйледі.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен
Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы «Узархив»
агенттігінің 2023-2026 жылдарға арналған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы келісімдерді іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі практикалық іс-шаралар жоспарының 2-тармағын
жүзеге асыру, архив ісі бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастықты
дамытып, архивтерді дамытудың инновациялық идеяларын қалыптастыру, іс-тәжірибемен алмасу болды.
Конференция жұмысы келесі бағыттарды камтыды:
- Қазакстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының архивтерінде сакталған құжаттар бойынша көрмелердің тұсаукесері:
- Конференцияның пленарлык бөлімі, Секциялық жұмыстар;
- Тарихты зерттеудегі архив құжатарының орны мен рөлі;
- Архив саласы: жағдайы және даму перспективалары;
- Архивтік құжаттарды сақталуын камтамасыз етудің заманауи технологиялары. Конференцияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің және «Узархив» агенттігі өкілдері, Қазақстан және Өзбекстан Республикасының мемлекеттік архивінің басшылары, Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының, Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің, Түркістан облысы мемлекеттік архивтерінің қызметкерлері, тарихшылар, өлкетанушылар, БАҚ өкілдері, ЖОО студенттері қатысты.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві, Өзбекстан Республикасының «Узархив» агенттігі және Шымкент қалалық мемлекеттік архиві «Өзбекстан архивтеріндегі Қазақстан мемлекетінің тарихы» бірлескен көрмесін ұйымдастырды.


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
12 маусым 2024 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері А.Байтуова және Н. Әбдірасіл Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп Алматы қаласында өткізіп жатқан VII Халықаралық жас архившілердің Жазғы мектебі жұмысына қатысуда. Биылғы жылы Жазғы мектеп цифрлық трансформация жағдайында архивтерді жинақтаудың өзекті мәселелеріне арналған.


12 маусым 2024 жыл
Бүгінгі таңда қазақстандық архивтерде шетелдік архивтерден Қазақстан тарихы бойынша құжаттар мен материалдардың көшірмелерін анықтау бойынша "Архив-2025" бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасуда.


11 маусым 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Чехия Республикасының астанасы Прага қаласында жұмыс жүргізуде.


07 маусым 2024 жыл
2024 жылдың 7 маусымында халықаралық архивтер күнінде ҚР ОМҒТҚА - де ашық есік күні өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz