2024 жылдың 7 маусымында халықаралық архивтер күнінде ҚР ОМҒТҚА - де ашық есік күні өтті. Архивте өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 2-курс студенттері республиканың жетекші архивтерінің бірімен және оның қызметімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Осы мақсатта архив қызметкерлері көрме дайындады, архив ұжымы дайындаған ғылыми өнімдер ұсынылды, құжаттарды сақтау қоймасы және лабораториядағы жұмыстар мен ондағы құрылғылар таныстырылды.