Новости:
11 маусым 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Чехия Республикасының астанасы Прага қаласында жұмыс жүргізуде.
Олар Чехияның Ұлттық (Халықтық) архивінде, Ұлттық кітапханасында, Еуропадағы ең ірі және маңызды славян кітапханаларының бірі саналатын Славян кітапханасында, Ұлттық музей мен Напрстек атындағы Азия, Африка және Америка халықтары мәдениеттерінің музейінде құжаттар мен материалдар анықтау бойынша ғылыми жұмыс жүргізді.
Чех архивтерінде жұмыс істеген кезде қазақстандық архивистерге Алматы қаласында болғанда онлайн кездесулер арқылы тығыз достық қарым-қатынас орнатқан белгілі чех ғалымы, профессор Иржи Шима қолдау көрсетуде.
Сонымен қатар архив қызметкерлері Чехия Республикасының Әскери-терихи архиві мен Әдебиет архивінде жұмыс жүргізетін болады. Осы жұмыс нәтижесінде Қазақстанның Ұлттық архив қоры құнды деректермен толығатынына сеніміміз мол.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
16 маусым 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері үшін кезекті өндірістік практика аяқталды.


13 маусым 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Айгүл Абдрахманова, Айсара Байсарина және Мадина Абдразақ жас архившілердің VIII Халықаралық Жазғы мектебінің жұмысына қатысып, 100-ден аса отандық және шетелдік мамандар қатарында білімдерін шыңдауда. Қазақстан Республикасы Президенті Архиві, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бірлесіп өткізген ауқымды шараға Ресей, Қырғызстан, Молдова, Түрікменстан, Өзбекстанның архив мекемелерінің өкілдері келген.


13 маусым 2025 жыл
2025 жылдың 13 маусым күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві, Орталық мемлекеттік архив және Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің қызметкерлері Халықаралық архив күніне арналған архив істерін қалыптастыру бойынша жас архившілерге арналған тәжірибе жұмыстары өткізілді.


11 маусым 2025 жыл
2025 жылғы 11 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Халықаралық архивтер күніне орай өткізілген Орталық мемлекеттік архиві директорының орынбасары, «Архив саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Мәрзия Жылысбаеваның архив құжаттары негізінде дайындап, жарыққа шығарған «Из истории царской таможни в Казахской степи» атты жинағының тұсаукесер рәсіміне қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz