Новости:
12 маусым 2024 жыл
Бүгінгі таңда қазақстандық архивтерде шетелдік архивтерден Қазақстан тарихы бойынша құжаттар мен материалдардың көшірмелерін анықтау бойынша "Архив-2025" бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасуда.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Б.Жұматаева мен қызметкерлер А.Омарбеков пен Н. Нұрбеков құрамындағы жұмыс тобы Грузия Әділет министрлігіне қарасты Грузия Ұлттық архивінде ғылыми жұмыс жүргізуде. Архив құрамында 4 орталық және 20-ға жуық өңірлік архивтер бар.
Грузияның бірінші демократиялық республикасын құру туралы архивтік құжаттарды, Грузия ұлттық кеңесінің бірінші отырысының хаттамаларын, тәуелсіздік жариялау құжаттарын сақтайтын Ұлттық архив елдің саяси, экономикалық, мәдени және ғылыми мүдделеріне қызмет етеді. Бүгін қазақстандық архившілер Грузия Ұлттық архивінің Бас директоры Теона Иашвилимен кездесті, ол елдің ірі ғылыми орталығы және құжаттық қазынасының сақтаушысы болып табылатын архивтің тарихымен таныстырды.


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
23 шілде 2024 жыл
Үстіміздегі жылдың 23 шілдесінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің жоғары деңгейдегі білікті маманы-архившісі Айғаным Байтуова «Республикалық автоматтандырылған кітапхананың ақпараттық жүйесі (РАКАЖ)» бағдарламасы негізінде ақпараттық-анықтамалық қор жұмысын автоматтандыру» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


17 шілде 2024 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері қазір Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттар архивінде, Ғылыми-ақпараттық кітапханада жұмыс жүргізуде.


15 шілде 2024 жыл
2023 жылғы 15 шілдеде ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда толықтыру көздері-ұйымдардан келіп түскен құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары, істер номенклатуралары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер қаралды.


10 шілде 2024 жыл
Бүгінде қоғам өмірдің барлық саласына еніп үлгерген цифрландыру дәуіріне көшуде. Бұл, мысалы, гаджеттеріміздегі цифрлық қызметтердің көмегімен күнделікті қажеттіліктерімізді қамтамасыз ететін қызмет түрлері.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz