Новости:
26 маусым 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің жұмыс тобы Грузияда Қазақстан тарихы қатысты құжаттар мен материалдар анықтау бойынша архивтерімен қатар кітапханаларында да жұмыс жүргізуде. Архившілер Грузия мемлекетінің астанасы Тбилиси қаласындағы И. Чавзавадзе атындағы Грузия Ұлттық парламенттік кітапxанасында болды. XIX ғасырдың ортасында генерал-губернатор басқармасынан бастау алған кітапхана қорының ауқымдылығы және құндылығы оның ғасырлар бойы жинақталған тарихында. 1957 жылы кітапхана халықаралық кітап алмасу желісіне қосылған. 1996 жылы 25 желтоқсанда кітапхана Грузия парламентінің әкімшілік бақылауына өтіп, Грузияның Ұлттық парламенттік кітапханасы деп аталған және грузин әдебиеті және қоғам қайраткері Илья Чавчавадзенің аты берілген.
Кітапхана қорларынан қазақстандық архившілер XI ғасырда грузин халқының селжұқтарға қарсы әлеуетті одақтас ретінде қарастырған қыпшақтармен байланыстары бойынша материалдар қарауда. Ал қыпшақ этникалық компоненті қазақ халқының қалыптасуының негізгі өзегін құрап, қыпшақ мемлекеттілігінің дәстүрлері Ақ Орда мен Қазақ хандығының құрылуы кезінде пайда болған қыпшақ тілі мен әдебиеті қазақ тілі мен әдебиетінің негізін құраған. Грузин жылнамаларына қарағанда, грузиндер қыпшақтардың жақсы жауынгерлік шеберлігін, олардың батылдығы мен адалдығын алға тартқан.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
08 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 8 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын дирекцияның бірінші отырысы өтті.


08 қантар 2025 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде әлеуетті қор құрушы – «Полигон – 29 тамыз» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Кешірімұлы Бозтаевпен жұмыс кездесуі өтті.


06 қантар 2025 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік архиві, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві және Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбысжазбалар архиві ұжымдары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетінде жарияланған «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты сұхбатында айтылған негізгі тұжырымдарды талқылады.


26 желтоқсан 2024 жыл
ОМҒТҚА-да сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысы өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz