Новости:
05 шілде 2024 жыл
Қазақ поэзиясының ақыны Қадыр Мырза Әлі ағамыздың «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» сөздері ұлтымыздың бойтұмары – қазақтың қара домбырасының қасиетін ашып тұрғандай.
Қазақстанда 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде аталып өтуде. Осы мерекеге орай Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде шара өткізіліп, қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрінің ажырамас бөлігі саналатын киелі аспаптың тарихы, оның жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеудегі маңыздылығы мен Қазақстанның мәдени мұрасындағы рөлі туралы айтылды.
Шара барысында архив қызметкерлерінің балалары ата-аналарын мерекемен құттықтап, өздерінің бейнеқұттықтауларын қазақтың күйрелін орындау арқылы жеткізді.
Барша қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймыз! Ұлттық салт-дәстүрімізді, тіліміз бен мәдениетімізді, ұлттық рухымызды мәңгі сақтайық, ағайын!


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
23 наурыз 2025 жыл
«Наурызнама» онкүндігінің соңғы – Тазару күні.


21 наурыз 2025 жыл
21 наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелу күні.


20 наурыз 2025 жыл
Наурыз – көктем, жаңару, жыл басы мерекесі. Ұлыстың ұлы күні – күн мен түн теңеліп, жер көкке жан бітіп, тоң жібитін сәт.


19 наурыз 2025 жыл
Наурызнамаға енгізілген Жаңару күнін өткенді қайта қарап, болашаққа жоспар құру кезеңі деуге болады.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz