Новости:
23 шілде 2024 жыл
Үстіміздегі жылдың 23 шілдесінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің жоғары деңгейдегі білікті маманы-архившісі Айғаным Байтуова «Республикалық автоматтандырылған кітапхананың ақпараттық жүйесі (РАКАЖ)» бағдарламасы негізінде ақпараттық-анықтамалық қор жұмысын автоматтандыру» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.
Сабақ барысында ақпараттық қорды толық автоматтандыру мен жүйелеуге және электрондық каталогтар мен картотекалардың деректер базасын құруға, сондай – ақ олар бойынша ақпарат іздеуді қамтамасыз етуге арналған республикалық автоматтандырылған ақпараттық жүйе түралы мәліметтер беріліп, ОМҒТҚА ақпараттық-анықтамалық қорының жұмысы таныстырылды. Анықтамалық басылымдарды электронды каталогіне енгізу процесі слайд негізінде көрсетілді.
Архив қызметкерлері бағдарламаға қатысты сұрақтар қойып, қанағаттандырарлық жауаптар алды.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
08 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 8 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын дирекцияның бірінші отырысы өтті.


08 қантар 2025 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде әлеуетті қор құрушы – «Полигон – 29 тамыз» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Кешірімұлы Бозтаевпен жұмыс кездесуі өтті.


06 қантар 2025 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік архиві, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві және Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбысжазбалар архиві ұжымдары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетінде жарияланған «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты сұхбатында айтылған негізгі тұжырымдарды талқылады.


26 желтоқсан 2024 жыл
ОМҒТҚА-да сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысы өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz