2024 жылғы 28 тамызда ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда толықтыру көздері-ұйымдардан келіп түскен істер номенклатуралары, істер тізімдемелері, жоюға бөлу актілері қаралды.
Талқылау барысында сарапшылар мен СТжӘК мүшелері ұсынылған құжаттар бойынша білдірген пікірлерін құрастырушылар қабылдады. Барлық құжаттар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейдің ұйымдастыруымен өткен «Ашық қалпына келтіру орталығының» тұсаукесері мен «Мәдени құндылықтарды қалпына келтіру жолдары» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.