Новости:
02 қыркүйек 2024 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.
Мемлекет басшысы өз жолдауында ақша-несие саясаты, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізу, өнеркәсіп әлеуетін арттыру, инфрақұрылым, кадрлық әлеуеті, ұлт саулығын нығайту сынды қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу қажеттілігіне басты назар аударды. Цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктердің ішінде «Электронды үкімет» платформасына жасанды интеллект технологиясын енгізіп, цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналу керек екендігін атап өтті. Бұл еліміздің архивтерінде бүгінгі таңда қызу қарқында іске асырылып жатқан архивтік құжаттарды цифрлы форматқа көшіру үрдісіне қатысты деуге болады.
Сонымен қатар, мектептердің жұмысын жақсарту, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеру және өзге де маңызды саналатын мәселелер де Мемлекет басшысының назарынан тыс қалған жоқ.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
17 сәуір 2025 жыл
2025 жылғы 17 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде «UEPE Power Engineering» ЖШС директоры Воронов Кирилл Михайлович және ӨТБ инженері Батаева Феруза Әуесханқызы болды.


15 сәуір 2025 жыл
2025 жылғы 15 сәуірде ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында толықтыру көздері болып табылатын 12 ұйымдардың құжаттар жобалары қаралды: құжаттама жасау қағидалары, істер номенклатуралары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер, істер тізімдемелері және сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актілері.


15 сәуір 2025 жыл
2025 жылдың 15 сәуірінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері қазақ жерлерінің бір республика құрамына бірігуінің аяқталғанына 100 жыл және қазақ халқының тарихи атауын қайтарып алғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақ жерінің тұтастануы мен «Қазақ» атауының қайтарылуына 100 жыл» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Конференцияны Орталық мемлекеттік архив және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасы бірлесіп ұйымдастырды.


14 сәуір 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкері Айғаным Байтуоваға Бүкілресейлік құжаттану және архив ісі ғылыми-зерттеу институтының «Архивтану» бағдарламасы бойынша кәсібі қайта даярлаудан өткені туралы жоғары білім дипломы берілді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz