Новости:
26 қыркүйек 2024 жыл
2024 жылғы 26 қазанда Петропавл қаласындағы Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде архив саласындағы ынтымақтастық бойынша Ресей-Қазақстан комиссиясының V отырысы өз жұмысын бастады.
Қазақстан мен Ресей архившілерінің кездесуі архив ісі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жұмыс алаң болары сөзсіз.
Ресейлік делегацияны статс-хатшы – Федералдық архив агенттігі басшысының орынбасары Андрей Юрасов басқарды. Қазақстандық делегацияны Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Әли Рустам басқарды. Халықаралық шараға Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева Архив ісі саласындағы ынтымақтастық бойынша Ресей-Қазақстан комиссиясының мүшесі ретінде қатысты.
Іс-шараға қатысушылар Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің Қызылжар аудандық филиалында болды, оның барысында қонақтар үшін таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылып, архивтің қызметі мен Қызылжар ауданының қалыптасу тарихы баяндалды.
Қазақстан мен Ресей архившілерінің кездесуі архив ісі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, екі елдің архив саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылаудың дәстүрлі алаңына айналды.
Осы жұмыстың нәтижесі ретінде 1932–1933 жылдардағы Қазақ АКСР-і мен РКФСР-дің көршілес облыстарындағы ашаршылық мәселесіне арналған «Голод в России и Казахстане 1927-1934. Начало общей трагедии» бірлескен жинағының тұсаукесері өтті. Ресей мен Қазақстанның орталық, ведомстволық және аумақтық архивтердің құжаттары ашаршылықтың себептері ретінде астық дайындауды жоспарлау мен өткізудегі қателерді, аштықпен күресу және оның зардаптарын еңсеру шараларын көрсетеді.
Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің құжаттары бойынша «Қызылжардың қайнар көзі: тарих бірегей архивтік құжаттарда» атты тарихи-құжаттық көрме дайындалып, өңір тарихынан сыр шертетін қызықты құжаттар ұсынылды.
Шара ұйымдастырушылар сонымен қатар қонақтар үшін «Абылай хан резиденциясы» музей кешеніне және Солтүстік Қазақстан облысының Ислам мәдениеті музейіне экскурсия ұйымдастырды. Кездесуге қатысушылар Сәбит Мұқанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында қойылған «Сараң» спектаклін зор ықыласпен тамашалады.
Бұл кездесу архив ісін одан әрі жетілдіруге және Ресей мен Қазақстан архившілері арасында халықаралық диалог құруға жақсы серпін беретіні сөзсіз.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
16 маусым 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері үшін кезекті өндірістік практика аяқталды.


13 маусым 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Айгүл Абдрахманова, Айсара Байсарина және Мадина Абдразақ жас архившілердің VIII Халықаралық Жазғы мектебінің жұмысына қатысып, 100-ден аса отандық және шетелдік мамандар қатарында білімдерін шыңдауда. Қазақстан Республикасы Президенті Архиві, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бірлесіп өткізген ауқымды шараға Ресей, Қырғызстан, Молдова, Түрікменстан, Өзбекстанның архив мекемелерінің өкілдері келген.


13 маусым 2025 жыл
2025 жылдың 13 маусым күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві, Орталық мемлекеттік архив және Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің қызметкерлері Халықаралық архив күніне арналған архив істерін қалыптастыру бойынша жас архившілерге арналған тәжірибе жұмыстары өткізілді.


11 маусым 2025 жыл
2025 жылғы 11 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Халықаралық архивтер күніне орай өткізілген Орталық мемлекеттік архиві директорының орынбасары, «Архив саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Мәрзия Жылысбаеваның архив құжаттары негізінде дайындап, жарыққа шығарған «Из истории царской таможни в Казахской степи» атты жинағының тұсаукесер рәсіміне қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz