Новости:
27 қыркүйек 2024 жыл
Бүгін архив саласындағы ынтымақтастық бойынша Ресей-Қазақстан комиссиясының V отырысы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік архиві базасында архивтің және филиалдарының қызметкерлері үшін архив саласының заңнамасы нормалары мен өзгерістерін түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырды. Семинарды Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басқарма басшысы Салтанат Тащанова өткізді. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева шараға қатысып, архившілерге Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің жұмысы, ғылыми, техникалық және жобалық құжаттаманы қалыптастыру, сақтау ерекшеліктері жөнінде айтты. Архив қызметкерлеріне бұл ақпарат қызықты және жұмыстарында қажет болғаны сөзсіз.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
04 шілде 2025 жыл
Еліміздің барлық өңірлерінде бүгін Ұлттық домбыра күніне арналған түрлі мәдени іс-шаралар өтуде. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Домбыра – бабалар мұрасы» атты дөңгелек үстел өткізді.


26 маусым 2025 жыл
2025 жылғы 25-26 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімі ведомстволық архив жұмысына жауапты ұйымдардың іс жүргізушілері мен қызметкерлері үшін «Мемлекеттік архив саясаты тұрғысынан ведомстволық архивтерді ұйымдастыру және дамыту» атты екі күндік семинар өткізді.


26 маусым 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві мен Алматы көпсалалы колледжінің ынтымақтастық туралы шарты шеңберінде архив директоры Баян Амантайқызы Жұматаева мемлекеттік емтихан комиссиясының төрайымы ретінде «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану» мамандығы бойынша бітіруші студенттер үшін демо-емтихан өткізуге қатысты.


23 маусым 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева Алматы көпсалалы колледжінде бітіруші түлектердің алғашқы жұмыс орнын ұйымдастыру мақсатында өткізілген «16 жаста алғашқы табысым» іс-шарасына қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz