|
|
Новости: |
|
08 қараша 2024 жыл
|
2024 жылдың 8 қарашасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігін Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Мұхамеджан Тынышбаевтың 145 жылдығына арналған «Ұлттық инженерлік мектептің дамуы және (1879-1938) тұлғасы: архив, тарих, жад» атты Халықаралық конференция өткізді.
Мұхамеджан Тынышбаев – қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш-Орда үкіметінің мүшесі, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері, Түркістан-Сібір темір жолы құрылысын жобалау мен салуға белсене қатысқан тұлға. Ол 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезінің Мақаншы-Садыр ауданында (қазіргі Алматы облысы Сарқан ауданы) дүниеге келген. Мұхамеджан 1906 жылы император Александр I атындағы Санкт-Петербург темір жол көлігі институтын бітірген.
Тынышбаев сонымен бірге ғылыми жұмыспен де белсене айналысқан. Ол Орыс география қоғамы Түркістан бөлімінің, Қазақстанды зерттеу қоғамының, «Талап» ұйымының мүшесі болды. «Түркістан ұлттық бірлігі» ұйымының қызметіне ат салысқан. Халқымыздың тарихының күрделі, бұрын зерттелмеген кезеңдеріне арнап, ғылыми негізделген фундаменталды еңбектер жазды. Оның тарихты терең түсіне білгендігі, зерттеушілік қасиеті, қазақ халқының өміріне, кейінгі тағдырына әсер еткен ірі оқиғаларды түпқазық етіп алып, жүйелі түрде қарастыруынан байқалады.
М.Тынышбаевтың өмірі мен шығармашылығы қатысты құжаттары «Архив – 2025» бағдарламасы бойынша архив қызметкерлерінің Ресей Федерациясы,, Чехия Республикасы, Латвия, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Мысыр мемлекеттерінің архивтеріне ғылыми сапарының арқасында ОМҒТҚА әкелінді.
Ұлттық инженерлік мектептің дамуы және (1879-1938) тұлғасы: архив, тарих, жад» атты Халықаралық конференциясы аясында ОМҒТҚА қызметкерлері М.Тынышбаевтың жеке құжаттары, Түркістан-Сібір темір жолы құрылысын жобалау бойынша құжаттары қойылған көрме дайындады. Сонымен қатар архивте оның жеке кабинеті ашылды. Оның мақсаты тұңғыш қазақ инженерінің бай ғылыми мұрасын насихаттау, шығармашылығын зерттеу бойынша ғылыми жұмыстар жасау болып табылады.
Конференцияға Тынышбаевтың туыстары, оның ішінде оның немересі, Тынышбаев қорының төрайымы Нұршакен Жүнісқызы қатысты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы мен ALT университетінің ғалымдары, тарихшылар, оқытушылар мен студенттер, архив мекемелерінің қызметкерлері М.Тынышпаевтың өмірі мен қызметі, азаматтық ғимараттар құрылысындағы рөлін көрсететін пайымды баяндамалар жасады. Конференцияға барлығы 80-нен астам адам қатысты, оның ішінде 63 адам оффлайн форматта, 23 адам онлайн конференция арқылы қатысты.
Онлайн түрде конференция қатысушыларына М.Тынышбаевтың ұлы, техника ғылымдарының докторы Даулет Шейх-Али (Тынышбаев), Каирдегі Әл-Азхар университетінің студенті Рүстем Әли құттықтады.
Тынышбаев қорының төрайымы Нұршакен Жүнісқызы және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Жүгенбаева Гүлбану Саламадинқызы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне М.Тынышбаевтың құжаттарын тапсырды, олар архивте оның жеке тектік қорын қалыптастыратын болады.
Сонымен қатар Нұршакен Жүнісқызы ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызына осындай Мұхамеджан Тынышбаевтай белгілі тұлғаны еске алу бойынша ауқымды шараны дайындап өткізгені үшін алғысын білдіріп, «Мұхамеджан Тынышбаевтың 145 жылдығы» медалін тапсырды.
Баян Амантайқызы өз кезегінде конференция қатысушыларына белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттар табыс етті.
|
|
|
|
Жаңалықтар
Показать все
| 02 желтоқсан 2024 жыл |
2024 жылғы 2 желтоқсанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «АЙБОЗ» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.
| 22 қараша 2024 жыл |
2024 жылы 22 қараша күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Архив-2025: нәтижелер мен мәселелер» атты ғылыми – тәжірибелік конференция өтті.
| |
2024 жылғы 21 қарашада Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Ұлттық архив базасында «Мемлекеттік архивтердің жариялау қызметі» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
| 19 қараша 2024 жыл |
ОМҒТҚА қызметкерлері 2024 жылы 19-қараша күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама, кітап ісі комитеті “ Орталық мемлекеттік архив” республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты С.Қ. Шілдебайдың “ Қазақ АКСР мемлекеттік билік жүйесінің өкілдері” атты ғылыми анықтамалығының таныстырылымына қатысты.
|
|