2024 жылы 22 қараша күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Архив-2025: нәтижелер мен мәселелер» атты ғылыми – тәжірибелік конференция өтті.
«Архив-2025» бағдарламасы аясында тарихшылар мен архившілер шетелдегі Қазақстанға қатысты құнды құжаттарды жер жаһаннан іздеуді жүзеге асыруда.
Конференцияда ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы «Еңселі Елдің ұлы тарихын толықтырған құжаттар» тақырыбындағы баяндамасында шетелдегі Қазақстан тарихына қатысты құжаттармен таныстырды.
Іс шараға республикалық және барлық өңірлік мемлекеттік архивтер қызметкерлері, қоғам қайраткерлері және тарих қауымдастығы қатысты.