Новости:
25 желтоқсан 2024 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві ұжымы әріптесіміз архив саласының ардагері Галина Николаевна Заруцкаяның мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз.
Галина Николаевна 40 жылға жылға жуық өмірін еліміздің архив қорын толықтыру, архив саласын дамыту жолында аянбай қызмет етті. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қорлары бойынша анықтамалық, жөнсілтер және тағы да басқа әдістемелік құжаттар дайындады. Архив саласындағы еңбегі үшін көптеген Алғыс хаттармен, мақтау қағаздарымен марапатталған.
Марқұмның жарқын бейнесі еліміздің мәдениет, архив саласында қызмет ететін әріптестерінің жадында мәңгі сақталады!
Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
04 ақпан 2026 жыл
2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің ведомстволық бағынысты архив мекемелерінің ұжымдары - Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві, Орталық мемлекеттік архиві, Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві Zoom платформасында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің қолдауымен «Қазақстандық архившілер мен құжаттанушылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жаңа Конституция жобасының тармақтарын түсіндіру бойынша ұйымдастырған «Конституциялық реформа - қоғамның даму жолы» атты онлайн форматтағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.


02 ақпан 2026 жыл
2026 жылғы 2 ақпанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Жаңа Конституция жобасына қолдау білдіріп, оны түсіндіруге және талқылауға бағытталған «Ата Заңның негізгі қағидаттары – жарқын болашақ кепілі» дөңгелек үстелі өтті.


21 қантар 2026 жыл
2026 жылғы 20 қаңтарда бір ғасыр бұрын Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші өтті.


20 қантар 2026 жыл
2026 жылғы 20 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде «Қазақстан» РТРК» АҚ қолдауымен түсірілген және халықаралық марапаттарды иеленген «Қарлығаш» (Swallow) деректі фильмінің көрсетіліміне қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz