Новости:
26 желтоқсан 2024 жыл
ОМҒТҚА-да сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысы өтті. Толықтыру көздері болып табылатын 7 ұйымның құжаттар жобалары қаралды: істер номенклатуралары, Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару, және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер, істер тізімдемелері және сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актілері.
Талқылау барысында СТӘК сарапшылары мен мүшелері ұсынылған құжаттар бойынша өз пікірлерін білдіріп, толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда іс қағаздарын жүргізуге жауапты өкілдеріне кеңестер берілді.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
10 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 10 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде мекеменің негізгі қызметтерінің маңызды мәселелерін қарайтын алқалы органы болып табылатын дирекцияның кезекті отырысы өтті.


07 қараша 2025 жыл
«Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Архив құжаттарын сканерлеу және цифрландыру» тақырыбында топтық семинар және мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлері үшін «Е-Архив» АЖ жұмысы бойынша оқыту өтті.


06 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 6 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізген «Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.


31 қазан 2025 жыл
2025 жылғы 31 қазанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің басшылық құрамы және қызметкерлері Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті қазақ филологиясы кафедрасы қазақ тіл білімін зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Қоңыровтың 90 жылдық мерейтойына орай өткізген «Когнитивтік лингвистикадағы теңеу концептісі: ұлттық дүниетаным және тіл» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz