Новости:
06 қантар 2025 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік архиві, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві және Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбысжазбалар архиві ұжымдары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетінде жарияланған «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты сұхбатында айтылған негізгі тұжырымдарды талқылады. Бірінші болып сөз алған архив мекемелерінің басшылары Президент сұхбатындағы көптеген маңызды, барша қазақстандықтарды толғандыратын сұрақтарға жауап алғандарын, Мемлекет басшысының қоғамның саяси жағдайы бойынша күрделі мәселелерді тыс қалдырмай, ашық жария еткенін атап өтті. Бұл Мемлекет басшысының елдегі жағдайды үнемі бақылауда ұстайтынын және қазақстандықтарды толғандыратын мәселелерді жақсы білетінін көрсетті. Президент сұхбатында өткен жылы қыруар жұмыс атқарылғаны және болашақтағы жоспарлары жөнінде айтты.
Жас мамандар мен архившілердің орта және аға буын өкілдері әркім сұхбаттағы тұжырымдарға өз көзқарасын білдірді. Президент сұхбатында белгіленген әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, геосаяси ахуал, ішкі және сыртқы саясат, саяси реформалар, сыбайлас жемқорлықпен күрес, цифрландыру ісі, АЭС салу, экологиялық жағдай, су тасқыны жөніндегі маңызды мәселелерге қатысты ойларын ортаға салды. Сұхбаттағы қазақ тілін қолдау, оның қолданыс аясын кеңейту туралы Мемлекет басшысының тұжырымдары ерекше ықыласқа ие болды. Жас мамандар сонымен қатар Президенттің жастарымыздың шетелде білім алуын жахандану үдерісінің ерекшелігі және елімізде беделді шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылғаны туралы ойларын үлкен қуанышпен жеткізді.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
10 ақпан 2025 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивші Саблин Сырым «Жеке тектік қорлардың құжаттары мен материалдарының құрамы. ОМҒТҚА-дағы жеке тектік қорлар құжаттарымен жұмыс жүргізу ережелері» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


31 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 31 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік архив өткізген тарих ғылымдарының докторы, профессор Х. Тұрсұнның, Қазақстанның «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының ғылыми хатшысы С.Қ.Қожықованың және Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ докторанты Х. Астың құрастыруымен жарық көрген «Қоңырқожа Қожықов – Ұлттық элитаның көрнекті өкілі» жинақтың таныстырылымына қатысты.


27 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 24 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы, А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Құлжанова Бақытгүл Райханқызымен


23 қантар 2025 жыл
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz