Новости:
08 қантар 2025 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде әлеуетті қор құрушы – «Полигон – 29 тамыз» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Кешірімұлы Бозтаевпен жұмыс кездесуі өтті. Ол мемлекеттік сақтауға ОМҒТҚА әкесі - КСРО халық депутаты (1989-91 жж.), КСРО Жоғарғы Кеңесі Қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің мүшесі (1989-91), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, он бірінші шақырылымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі депутаты, Қазақстан Республикасының Семей облысы бойынша ведомствоаралық комиссиясының мүшесі Кешірім Бозтайұлы Бозтаевтың қызықты құжаттары мен материалдарын тапсырды.
Кешірім Бозтаев Шығыс Қазақстан және Семей облыстарының өнеркәсібінің дамуына үлкен үлес қосты, Семейде медициналық орталықтар ашуға бастамашы болды және Семейдегі ядролық сынақтардың жалғасуына алғашқылардың бірі болып наразылық танытты.
ОМҒТҚА директоры Баян Жұматаева қонаққа еліміздің тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі болып табылатын жеке текті құжаттармен жұмыс істеу кезеңдері мен ерекшеліктері туралы айтып берді.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
10 ақпан 2025 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивші Саблин Сырым «Жеке тектік қорлардың құжаттары мен материалдарының құрамы. ОМҒТҚА-дағы жеке тектік қорлар құжаттарымен жұмыс жүргізу ережелері» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


31 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 31 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік архив өткізген тарих ғылымдарының докторы, профессор Х. Тұрсұнның, Қазақстанның «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының ғылыми хатшысы С.Қ.Қожықованың және Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ докторанты Х. Астың құрастыруымен жарық көрген «Қоңырқожа Қожықов – Ұлттық элитаның көрнекті өкілі» жинақтың таныстырылымына қатысты.


27 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 24 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы, А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Құлжанова Бақытгүл Райханқызымен


23 қантар 2025 жыл
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz