Новости:
23 қантар 2025 жыл
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейді.
2025 жылғы 22 қаңтарда Алматы көпсалалы колледжі жұмысшы мамандықтар жылы бойынша шаралар ұйымдастыру мақсатында әлеуметтік серіктестермен және жұмыс берушілермен барлық мамандықтар бойынша форсайт-сессиялар өткізді.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері архивші мамандығы бойынша форсайт-сессияға қатысып, қазіргі ақпараттық технологиялар заманында архив ісі саласындағы жаңалықтар, архившілердің мемлекетіміздің тарихын сақтап болашақ ұрпақтарға мұра етудегі маңыздылығына тоқталды.
Кездесу қорытындысы бойынша жұмысшы мамандар дайындау бойынша оқу бағдарламалдарды жаңарту және өзектендіру бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
20 сәуір 2026 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Ұлттық кітап күніне орай Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, публицист, жазушы, баспагер, Оңтүстік Америка үндістерінің өркениетін зерттеуші Сүлейменов Бейсенбай Жолдасбекұлының шығармашылығына арналған ұлттық рух пен тарихи сананы жаңғыртатын «Бабалар сөзі - болашаққа аманат» библиофреш шарасына қатысты.


15 сәуір 2026 жыл
2026 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.


12 сәуір 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві барша ғылым саласы қызметкерлерін, ғалымдарды, ғылыми институт мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтайды!


10 сәуір 2026 жыл
2026 жылғы 10-сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетімен бірлесіп, 12-сәуір – Қазақстан Ғылым қызметкерлерінің күні мерекесіне орай «Тұлғалар мұрасындағы ғылыми-техникалық құжаттар: сипатталуы, сақталуы және пайдаланылуы» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz