Новости:
15 сәуір 2025 жыл
2025 жылдың 15 сәуірінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері қазақ жерлерінің бір республика құрамына бірігуінің аяқталғанына 100 жыл және қазақ халқының тарихи атауын қайтарып алғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақ жерінің тұтастануы мен «Қазақ» атауының қайтарылуына 100 жыл» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Конференцияны Орталық мемлекеттік архив және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасы бірлесіп ұйымдастырды.
Биыл патшалық Ресей империясының отарлық езгісі кезеңінде үш генерал-губернаторлыққа, кеңес билігі кезеңінде бірнеше республика құрамына бөлініп кеткен қазақ жерлерінің бір республика құрамына бірігуінің аяқталғанына 100 жыл, сонымен қатар, Ресей империясының кезінде «киргиз-кайсак» атанса, кеңестік биліктің алғашқы жылдарында ресми түрде «киргиз» атанған қазақ халқының тарихи атауын қайтарып алғанына және Ақмешіттің Қызылорда болып қайта аталуына да 100 жыл толады.
1925 жылы 19 сәуірде Қазақ АКСР Кеңестерінің V съезі шешімімен қазақ халқы өзінің «қазақ» деген тарихи атауын ресми түрде қайтарып алды, содан кейін Қырғыз АКСР-і Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚазАКСР) деп өзгертілді. Бұл съезд екі мың жылдық тарихы бар қазақ мемлекеттілігінің республикалық кезеңі тарихындағы бетбұрыс кезең болды.
Конференция мақсаты тарихымыздың маңызды беттерін архив құжаттары негізінде дәйектеп, ұлтымыздың тарихи санасын қалыптастыруға үлес қосу болды.
Іс-шара аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих факультетінің үздік студенттеріне тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сүлеймен Тұрғанбаевтың стипендиясы табыс етілді.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
26 қараша 2025 жыл
2025 жылдың 26 қарашасында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік архив өткізген көрнекті ғалым, саяхатшы және этнограф Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай ұйымдастырған «Ш. Уәлиханов пен Г.Н. Потанин» көрмеге қатысты.


10 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 10 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде мекеменің негізгі қызметтерінің маңызды мәселелерін қарайтын алқалы органы болып табылатын дирекцияның кезекті отырысы өтті.


07 қараша 2025 жыл
«Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Архив құжаттарын сканерлеу және цифрландыру» тақырыбында топтық семинар және мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлері үшін «Е-Архив» АЖ жұмысы бойынша оқыту өтті.


06 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 6 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізген «Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz