Новости:
06 мамыр 2025 жыл
2025 жылғы 6 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві өткізген «Ұлттық тарихты сақтау мен зерттеудегі кино-фотоқұжаттардың рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Шара аясында ОМ КФҚДЖ архивінің бас сарапшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанай Сейітжанұлы Омаровтың 70 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген «Қазақ әдебиеті: фотошежіре (екінші бөлім) 1980-2020 жылдар» (Алматы, 2024 жыл) фотоальбомының тұсаукесері өтті.
Шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет пен білім саласының өкілдері, жазушылар, журналистер, режиссерлар, архивистер, БАҚ өкілдері қатысты.
Қатысушылар назарына қазақ халқының өткен тарихы мен қазақ әдебиетінің 90 жылдық тарихын бейнелейтін фотокөрме ұсынылды және Қазақстан Жазушылар одағының құрылу тарихынан сыр шертетін фото және бейнефильм көрсетілді.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
20 сәуір 2026 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Ұлттық кітап күніне орай Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, публицист, жазушы, баспагер, Оңтүстік Америка үндістерінің өркениетін зерттеуші Сүлейменов Бейсенбай Жолдасбекұлының шығармашылығына арналған ұлттық рух пен тарихи сананы жаңғыртатын «Бабалар сөзі - болашаққа аманат» библиофреш шарасына қатысты.


15 сәуір 2026 жыл
2026 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.


12 сәуір 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві барша ғылым саласы қызметкерлерін, ғалымдарды, ғылыми институт мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтайды!


10 сәуір 2026 жыл
2026 жылғы 10-сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетімен бірлесіп, 12-сәуір – Қазақстан Ғылым қызметкерлерінің күні мерекесіне орай «Тұлғалар мұрасындағы ғылыми-техникалық құжаттар: сипатталуы, сақталуы және пайдаланылуы» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz